Бас тақырыпРесми
Мемлекет басшысы Үкіметті отставкаға жіберді
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» Жарлыққа қол қойды, деп жазады ortalyq.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қазақстан Республикасы Конституциясының 70-бабына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
- Қазақстан Республикасы Үкіметінің орнынан түсуі қабылдансын.
- Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі міндеттерін уақытша атқару Роман Васильевич Склярға жүктелсін.
- Қазақстан Республикасы Үкіметінің мүшелері Үкіметтің жаңа құрамы бекітілгенге дейін өз міндеттерін атқаруды жалғастыра берсін.
- Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі, делінген құжатта.
Айта кетейік, Премьер-Министр міндеттерін уақытша Роман Скляр атқарады.