Медицина қызметкерлердің мәртебесін көтеру — қуантарлық жағдай

Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Ж. Тоқаевтың төрағалығымен өткен Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің үшінші отырысында өзекті мәселелер талқыланды. Бүгінгі таңда Коронавирус пандемиясы бүкіл әлем үшін ауыр сынақ болып отыр. Бұл пандемия елімізде кәсіби дәрігерлердің тапшы екендігін аңғартты.



Мемлекет басшысы күн тәртібінде денсаулық сақтау инфрақұрылымы мәселелерін жоспарлы шешу керектігін баса айтты. Сонымен қатар, медициналық қызметкерлердің мәртебесін көтеру мақсатында медициналық қызметкерлердің жалақысын 2,5 есеге өсіруді тапсыруының өзі қуантарлық жағдай.

Тағы бір басты назар аударатын мәселе – бірінші кезекте азаматтардың денсаулығын қорғау үшін алдын алу медициналық-санитарлық шараларды қабылдау, бұл азаматтардың денсаулығын қорғауды қамтамасыз ету мәселесі, бұл үлкен стратегиялық міндет.

Қазіргі таңда еліміз үшін Денсаулық сақтау жүйесінің, өзін-өзі қамтудың, ынтымақтасу мен жауапкершіліктің маңызы арта түсті деп ойлаймын. Біз бірлік пен ынтымақтың арқасында кез келген сынақты, кез келген қиынтық жеңетініміге сенуіміз қажет.

Мемлекет басшысының ұсынысы өскелең ұрпаққа үлкен мотивация болады деп сенемін.

Марал БАЯЗИТОВА,
«Қарағанды қаласының №5 емханасы» КМК директоры