Білім ошақтарында

Мағжан мектебінде – ілкімді шаралар

Тәуелсіздіктің 30 жылдығы қарсаңында Мағжан Жұмабаев атындағы №39 гимназиясында «Тәуелсіздікпен төл құрдас – Мағжан мектебі» тақырыбында мектеп күні өтті.

Білім берудегі құндылықтарды және инновацияларды апробациялау аясында ұйымдастырылған мектеп күні екі бағытта өтті. І бағыт бойынша буктрейлерлер, шеберлік сабақтары, дөңгелек үстелдер, акрилдік сыйлықтар шығармасы, жас мамандар мектебінің жұмыстары, жоба қорғау конференциялары, викториналық сабақтар, панорамалық сабақтар, интеллектуалдық ойындар, флешмоб, дебаттық сайыстар, семинар-тренингтер, спорттық ойындар, сынып сағаттары, өнеге сағаттары, ата-аналармен zoom форматындағы кездесу іс-шаралары, поэзия кештері, көрмелер ұйымдастырылды.

Ал, ІІ бағыт бойынша «Мұражай – тарих айнасы» гимназия мұражайының ашылу салтанаты өтті. Мұражайда «ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығы», «Мен жастарға сенемін!», «Мағжан өмірі мен шығармашылығы», «Тәуелсіздікпен төл құрдас – Мағжан мектебі», «Алты Алаштың баласы бас қосса, төр – мұғалімдікі» атты стендтер топтастырылды. Шараға арнайы шақырылған қонақтар өз ризашылықтарын білдіріп, қолтаңбаларын қалдырды. Білім ордасындағы мұражай – оқушылардың жүрегіне ізгілік ұялататын үлкен тәрбие құралы болатыны сөзсіз.

Өз тілшімізден.

Басқа материалдар

Back to top button