Жаңалықтар

Маңызды бастама, нәтижелі жұмыс

Бұған дейінгі Ұлттық Құрылтай отырыстарында жұмысшы мамандықтарының беделін көтеру, ғылымды қолдау, білім беруді дамыту басты тақырыптардың бірі болды.

Сурет Ақорда

Оның үшінші отырысында бұл идеялар нақты іске асып жатқаны айтылып, 2025 жыл «Жұмысшы мамандықтарының жылы» болып жарияланып, еліміздегі кәсіптік-техникалық білім беру жүйесі жаңа серпін алды.

Индустриалдық-инновациялық кадрлар даярлау жұмыстары күшейтілді. Колледждер мен техникалық мектептер жаңарып, заманауи зертханалар ашылды. Ғылым саласында жас ғалымдарға құрметті атақтар беріліп, «Болашақ» бағдарламасы бойынша іріктеу жүйесі жетілдірілді.

Соның ішінде, еңбек адамының беделін арттыру – Ұлттық Құрылтай ұсыныстары негізінде іске асырылған маңызды бастама екенін ерекше айту керек.

Меніңше, бұл қадамдар – елдің зияткерлік және өндірістік әлеуетін көтеруге бағытталған нақты нәтижелі жұмыстар. Өйткені, елдің ертеңін жасайтын еңбек адамдары.

Жарқын ӘЛІПОВА,
зейнеткер
АБАЙ

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button