Жаңалықтар

Мақсатымыз – бейбітшілік, келісім, өзара түсіністік

Өткен жылы Қарағанды облысында дін саласындағы діни ілімдерді, діни экстремизмді және терроризмді насихаттауға және ықпал етуінің кез келген әрекеттеріне  жол бермеу және қарсы тұру бойынша барлық  бағыттағы жұмыс күшейтілді.  Бұл жердегі  ең бастысы – біздің мемлекетіміздің зайырлылық негіздерін нығайту базасын кеңейту, қазақстандық қоғамның дәстүрлі құндылықтары мен мәдени мұраларын дамыту, конфессияаралық қатынастардағы өзара түсіністік пен ынтымақтастықты дамыту.

Әрине, жобасы талқыланып, одан соң Мемлекет басшысы бекіткен Қазақстан Республикасының дін саласындағы мемлекеттік саясатының 2017-2020 жылдарға арналған тұжырымдамасының және  «Қазақстан Республикасының дін қызметі  және діни бірлестіктер мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілеріне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңының  ең өзекті мәселе болғаны сөзсіз.

Тұжырымдамаға келер болсақ, Қазақстанда дін саласында мұндай ауқымды концептуалды заңдар болған емес. Ал заңға енгізілген өзгертулер мен толықтырулар нақты жағдайларда нақты шешім қабылдауға мүмкіндік береді.

Дін және конфессиялар саласында қызмет атақаратын барлық адамдар үшін мемлекет пен конфессиялар арасындағы қарым-қатынастарды, сондай-ақ конфессиялар мен зайырлы қоғам арасындағы қатынастарды үйлестіру негізі болып табылады. Ең бастысы – діни факторларды саяси, діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимылда пайдаланудың кез келген әрекетіне жол бермеу. Қоғамда олардың кез келген көріністерін  қабылдамаушылықты нығайту. Бұл еліміз үшін өте маңызды өйткені, конфессияаралық және ішкіконфессияаралық қарым-қатынастарға сырттан алауыздық тұтату  әрекеттері көбейіп келеді.

Осыны есепке ала отырып, басқарманың, оның жергілікті жерлердегі өкілеттілерінің жұмысы тұрғындарға, конфессия өкілдеріне жаңа заңнамалық актілердің мәні мен мағынасын түсіндіруге бағытталды. Сонымен бірге, мемлекеттің зайырлылық негіздерін нығайту және діни экстремизм мен радикализмнің идеяларына жол бермей, қарсы тұру жөніндегі екі маңызды аспектіге баса назар аударылды.

Дінтанушылардан, дін қызметкерлері өкілдерінен, мемлекеттік органдардың қызметкерлерінен, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерінен құралған облыстық және өңірлік ақпараттық-түсіндіру топтарының жұмысына көп көңіл бөлінеді. Олар дін саласындағы мемлекеттің саясатын түсіндіру арқылы радикализм мен терроризмнің, діни экстремизм идеяларының қауіп-қатерін ашып қана қоймай, оларға қарсы тұру жолдарын да айқындайды.

2017 жылы облыс бойынша  99 400 адамды қамтыған 1350-ден астам әртүрлі  форматтағы іс-шаралар өткізілді. Мысалы, тамыз айында Республикалық ақпараттық-түсіндіру тобы (РАТТ) дін істері басқармасының қолдауымен Қарағанды, Балқаш, Теміртау, Шахтинск қалалары мен Абай, Ақтоғай, Шет аудандарында алдын алу іс-шараларын өткізді.

Қазақстан Республикасының дін саласындағы мемлекеттік саясатының 2017-2020 жылдарға арналған жаңа тұжырымдамасы түсіндірілді, діни заңнамаға өзгертулер мен толықтырулар енгізу мәселелері талқыланды.

Сондай-ақ, деструктивті табынушылардың, экстремистік ұйымдардың және ағымдардың азғырып-көндіру қағидалары мен әдістері, салафизмнің дәстүрлі емес діни идеологиясының қоғамға әсер ету салдары және оларға қарсы тұру жолдары айқындалды.

Дін саласында өткен жылы облыс бойынша біздің тарапымыздан 100-ден аса конференциялар, дөңгелек үстелдер, семинарлар, дебаттар және тағы басқа көпшілік іс-шаралар өткізілді.

Өткен іс-шаралардан Павлодар, Шығыс Қазақстан және Оңтүстік Қазақстан облыстарынан дін мәселелері бойынша Республикалық ақпараттық-түсіндіру тобы (РАТТ) мүшелерінің қатысуымен Қарағанды қаласының №1 мешітінің жанындағы оқу-оңалту орталығының базасында өткізілген ішкі саясат бөлімдерінің және «Қарағанды облысының конфессияаралық қатынастарының проблемаларын зерттеу және талдау орталығы» КММ қызметкерлеріне арналған үш күндік оқыту семинарын атап өтуге болады.

Сонымен қатар, өңірдің діни конфессияларының басшыларымен қыркүйекте өткізілген дөңгелек үстел өтті, онда ҚР дін саласындағы мемлекеттік саясатының 2017-2020 жылдарға арналған жаңа тұжырымдамасының және «Рухани жаңғыру» бағдарламасының   негізгі аспектілері қаралды.

Бұқаралық ақпарат құралдары және интернет кеңістігі арқылы діни радикализм мен экстремизмнің көріністеріне тұрғындардың нөлдік төзімділігін  қалыптастыру, дін саласындағы қоғамдық саясатты ынталандыру  жөніндегі жұмыстарға ерекше назар аударылады.

Өткен жылы түрлі БАҚ-тарда аталған тақырып бойынша 483 әртүрлі материалдар орналастырылды.

Басқарманың мемлекеттік тапсырысы аясында «Сарыарқа» және «5 арна» облыстық телеарналарында  ай сайынғы «Дін және дәстүр» (Путь к истине)  (Қазақстан-Қарағанды), «Дін және заман»  (5 арна) телехабарларының көрсетілімі ұйымдастырылған.

Сонымен бірге, аталған телеарналарда «Ислам: сұрақтар мен жауаптар», «Православ діні әлемі» («5 арна» ТА), «Ізгілік сабағы» («Сарыарқа» ТА) бағдарламалары апта сайын жарыққа шығады.

Діни экстремистер өздерінің идеяларын насихаттау үшін, жаңа жақтаушыларын азғырып-көндіру үшін әлеуметтік желілерді жиі және жаппай қолданатынын ескере отырып, біз «Фейсбук», «ВКонтакте» желілерінде және «WhatSapp» мобильді мессенджерде жұмысты белсендірудеміз,  2017 жылы оларда 300-ге жуық түрлі баспа және бейнематериалдар таратылды.

Сонымен бірге,  LINKER3 бағдарламасы аясында діни тақырыпта бұқаралық ақпарат құралдарына мониторинг жүргізу бағдарламасы бойынша 214 мақалаға мониторинг жүргізілді.

БАҚ-та өзіміздің тарапымыздан жарияланатын материалдардың сапасы мен мазмұны мәселелеріне  көбірек назар аудара бастағанымызды атап өткен жөн. Дін саласындағы облыстың журналистер пулы осы мақсатта құрылды, ол үшін арнайы ақпараттық-әдістемелік семинар өткізіліп, онда дін саласындағы ақпараттық саясатты жүргізудің негізгі тәсілдері мен міндеттері, сонымен қатар діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу мәселелері түсіндірілді.

Дін істері басқармасы ұсынған материалдардың сапасына және БАҚ-тың қызығушылығын тудыру мақсатында бұқаралық ақпарат құралдарында дін саласындағы және діни экстремизмнің алдын алу мәселелерінің үздік жарияланымы бойынша  журналистер арасында байқау ұйымдастырылды.

Біздің ұсынысымыз бойынша БАҚ қызметкерлеріне арналған облыс әкімінің жыл сайынғы сыйлығына аталған тақырыпта номинация енгізу қарастырылуда.

К.Станиславский атындағы облыстық орыс драма театрында «Игра в слепую» спектаклі қойылғанын атап өтуге болады. Орыстілді аудиторияға арналған  спектакльде діни экстремизм мен терроризмнің өзекті мәселесі айтылады.

Басқарманың жұмысы тек әртүрлі іс-шаралар өткізу ғана деп түсінуге болмайды.

Негізгі жұмысымыз – әртүрлі конфессиялармен, миссионерлермен, мемлекеттік және құқық қорғау органдарымен, діни сенімдегі жеке адамдармен күнделікті жұмыс жүргізу.

Өткен жылы дін саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер аясында біздің тарапымыздан оларға 100-ден аса қызмет көрсетілді. Бұлар: “Миссионерлік қызметті жүзеге асыратын тұлғаларды тіркеуді және қайта тіркеуді жүргізу”, “Діни іс-шараларды өткізуге арналған үй-жайларды ғибадат үйлерінен (ғимараттарынан) тыс жерлерде орналастыруға келісу туралы шешім беру”; “Ғибадат үйлерін (ғимараттарын) салу және олардың орналасатын жерін айқындау туралы шешім беру” және т.б. Бұлардың  әрқайсысының орындалуы әртүрлі құрылымдардың кеңес беруін өткізуді және конфессия өкілдерімен, діни  сенімдегілермен басқарма қызметкерлерінің жеке кездесулерін ұйымдастыруды талап етті.

35-тен астам іс-шаралар әртүрлі діни бірлестіктердің қатысуымен өткізілгені айтуға тұрарлық. Оның бәрі тұрғындар арасында адамгершілікті тәрбиелеуге, облыстағы конфессияаралық, этника аралық келісімді нығайтуға бағытталған.

Имамдардың жұмысының негізінде дәстүрлі емес діни ілімдерді ұстанушыларды оңалту жөніндегі ұсынымдар әзірленді, қазіргі кезде бұл жұмыстың зор  маңызы бар.

Мешіттерде жоғары теологиялық білімі бар сауатты имамдардың жұмыс істеуіне де көмек көрсетеміз. Бұның қажеттелігі туралы Президентіміз Н.Назарбаев атап өткен.

Басқарма  діни бірлестіктердің өкілдерімен кері байланыстың сақталуы жөніндегі жұмысты одан әрі де тұрақты негізде жалғастырады.

Үкіметтік емес сектормен бірлескен жұмысымыздың нығая түскенін атап өткен жөн.  Мемлекеттік тапсырысты жүзеге асыру үшін  «Ақниет» ҚБ, «Нұрлы Білім» ҚБ, «Виктория» ЖМ, «Қазақстанның болашағы үшін жастар қозғалысы» ҚБ, «Фурхан» ҚБ, «Жезтағылым» ҚҚ, «Қоғамдық үдерістерді зерттеу және талдау орталығы» ҚҚ келісім-шарттар жасалды.

Облыс әкімдігі жанындағы консультативтік-кеңес беру органы – Діни бірлестіктермен байланыс жөніндегі кеңес мемлекеттік-конфессияаралық және кнфессияаралық ынтымақтастықты дамытудағы жұмысымызға көмектесетінін ерекше атап өту керек.

Ағымдағы жыл дін саласындағы әртүрлі оқиғалармен айқындалады. Астана жылы аясында Әлем діндері көшбасшыларының кезекті съезін өткізу басты оқиға болуы тиіс. Мәскеу және Ресейдің Патриархы Кириллдің біздің облысымызға сапары көзделіп отыр.

Қорытындылай келе, қандай жұмыс атқарылса да, қоғамның қолдауынсыз және қатысуынсыз діни салада теріс құбылыстармен күресу өте қиын екенін атап өткім келеді. Діни сауаттылықтың және әртүрлі діни сенім мен азаматтық өкілдерінің жоғары деңгейдегі өзара сыйластығының арқасында, сонымен қатар діни радикализм мен терроризмге төзімділік жоқ болғанда ғана, оларға қарсы тұруға болатынын әр адам түсінуі тиіс.

Біздің одан арғы жұмысымыз, нақты осы жұмыстарға және Қазақстан Республикасының дін саласындағы мемлекеттік саясатының 2017-2020 жылдарға арналған тұжырымдамасының одан әрі жүзеге асыруға бағытталатын болады.

Н. БИКЕНОВ,

Қарағанды облысының дін істері басқармасының басшысы.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button