Мақсатымыз –айқын

«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласын оқи отыра біз, журналистер қауымы Елбасының жүктеген ерекше міндеттерін шын жүрегімізбен сезінеміз. Онда Елбасы: «Біз жат идеологиялардың әсері туралы айтқанда, олардың артында басқа халықтардың белгілі бір құндылықтары мен мәдени символдары тұрғанын есте ұстауымыз керек. Тиісінше, оларға өзіміздің ұлттық құндылықтарымыз арқылы ғана төтеп бере аламыз. Қазақстанның қасиетті жерлерінің мәдени — географиялық белдеуі – неше ғасыр өтсе де бізді кез келген рухани жұтаңдықтан сақтап, аман алып шығатын символдық қалқанымыз әрі ұлттық мақтанышымыздың қайнар бұлағы. Ол – ұлттық бірегейлік негіздерінің басты элементтерінің бірі. Сондықтан, мыңжылдық тарихымызда біз алғаш рет осындай ауқымды жобаны жасап, жүзеге асыруға тиіспіз. Биыл Үкімет жұртшылықпен ақылдаса отырып, жобаны әзірлеуі керек. Онда үш мәселе қамтылғаны жөн. Нақтырақ айтқанда: 1. Аталған «Мәдени-географиялық белдеудің» рөлі мен оған енетін орындар туралы әрбір қазақстандық білуі үшін оқу — ағарту дайындығын жүргізу қажет. 2. БАҚ осыдан туындайтын ұлттық ақпараттық жобалармен жүйелі түрде, мықтап айналысуы керек. 3. Ішкі және сыртқы мәдени туризм халқымыздың осы қастерлі мұраларына сүйенуге тиіс»,– деген болатын.

Иә, «Баспасөзі мықты елдің — болашағы да мықты» деген ғибратын еске аламыз.

Сержан СМАХАНҰЛЫ,

Қазақстан Журналистер

одағының мүшесі.

ОСАКАРОВ ауданы.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.