Қарағанды

Мақсат – кәсіби маман дайындау

   Қазіргі таңда қоғамның сауаттылығы маңызды сипатқа ие. Болашақ мұғалімді дайындауда олардың салауатты өмір сүру мен денсаулық, дене мәдениеттерін өздері игермей тұрып оларды білімді, білікті маман ретінде қалыптастыру мүмкін емес. Себебі, – болашақ маманның денсаулығы жеке байлық қана емес, ол сондай-ақ халқымыздың білім және экономикалық қуатының өсуі үшін де қажетті шарттарының бірі. Соның ішінде, денсаулықтың басты шарты – мәдени орта, салауатты өмір салты.

Заманның өзгеруіне орай, болашақ мұғалімдерге қойылатын жаңаша талаптар мен өзгерістер туындауда. Себебі, жеке тұлғаның қоғамдық және әлеуметтік мәні дене тәрбиесі мұғалімінің назарынан да тыс қалмауы қажет.

Болашақ мұғалімнің жеке басының маман ретінде қалыптасуы үшін кәсіби сапасының негізгі талаптарының бірі ретінде оның жалпы ғылыми – әдістемелік даярлығын ерекше атап өтуге болады. Бүгінгі таңда күн тәртібінде студенттердің өзін-өзі басқаруды дамыту міндеттері қойылып, болашақ мұғалімнің дербестігі мен белсенділік дағдысын тәрбиелеу және дамыту қажеттілігі күннен-күнге артуда. Жоғары оқу орындарына болашақ мұғалімдерге өз кәсіби міндеттерін жете білетін, қажетті педагогикалық дағдыларды меңгерген, өз Отанын сүйетін шәкірттерді тәрбиелеу мен оған мұғалімдерді кәсіби дайындау міндеті жүктелген. Осы мақсатта жоғары оқу орындарында болашақ маман дайындаудың сапасын арттыруға ерекше көңіл бөлінуде.

Жалпы білім беру деңгейі дене мәдениеті жағдайының маңыздылығына және оның мазмұнына қызығушылығы мен әрекетшілдігіне сүйенеді. Ол өзінің бағдарын тек кеңейтіп қолдану формасында емес, жекеше, ұжымдық формаларда және де оқушылар арасындағы ойындарда, үзілістерде өтуді ұйымдастыру арқылы жүзеге асырады.

Тәжірибе көрсеткендей, қазіргі балалар мен жастардың көпшілігі өздерінде қозғалыс белсенділігінің жетіспейтіндігін сезінеді. Нәтижесінде қаңқа бұлшық еттерінің күші мен жұмысқа қабілеттілігі төмендейді, бел сүйектері бұзылады, омыртқа сүйектері кисаяды, жас ерекшелігіне сәйкес дамуы баяулайды. Осы айтылғандардың барлығы балалар мен жастарда салауатты өмір салтына қажеттілікке тәрбиелеу проблемасының өзектілігін көрсетеді. Толық дене дамуы және денсаулық сақтау — жеке тұлғаны қалыптастыру негізі. Мамандардың зерттеуіне сай ересектер ауруының 75%-ы балалық шақтан. Алайда, оқушылардың дене тәрбиесінен сауатының аздығын, дене мәдениетінің құндылықтарын меңгеруге қажеттіліктің қалыптаспағандығын дәлелдейді.

Егер бірқатар педагогикалық ережелер мен принциптерге сүйенетін болсақ, бұл мәселені оңай шешуге болады. Жоғарыда айтылғандардың бәрі жеке тұлғаның дене мәдениетін, үздіксіз білім беру жүйесін дамыту мен жеке тұлғаны қалыптастырудың қазіргі кезеңіндегі талаптарына жауап бере алады. Ал, біздің мақсат – дене тәрбиесі мәселесінде кәсіби маман дайындау.

А.СҮЛЕЙМЕН, З.ӘБІКЕЕВА, М.ИЛЬЯШОВ, С.СЕЙТҚАЛИЕВ,

Қарағанды «Болашақ»

маңызды білім беру

колледжінің оқытушылары.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button