Мақаланың тарихи тұжырымдалық маңызын ерекше бағалаймыз

Ел бірлігін өзінің өмірлік ұстанымы ретінде ұстаған Елбасының елді бірлікке шақырған мақала-үндеуін оқып, біз Қарағанды мемлекеттік университетінің тарихшы ғалым-ұстаздары үндеудегі әрбір пікірдің тарихи тұжырымдалық маңызын ерекше бағалаймыз! Шынайы деректік негізде, жүректен шыққан халымыздың рухын көтеретін мақала-үндеуде  Бірлік пен сабырлық, сыйластық, Отанға деген патриотизмнің қаншалықты маңызды екенін тағыда көрсеткен! Тұтас Қазақстан болып бірлесе отырып тәртіпке бағынған елде жеңіске жететінімізге сендірді! Осы бағыт, осы ұстаным біздің ұранымыз!  Тарихшылар осыны қолдайды! Біз біргеміз!

Нұрсахан Ахметова