Жаңалықтар

Мәселе жауапсыз Қалмайды

       800_096c0daef6e874d10ca537fa97f252daАлдағы уақытта Балқаш қаласының Қоңырат шағын ауданында модульді қазандықтың құрылысы жоспарланып, Саяқта су мәселесі шешімін таппақ. Бұл облыс әкімі Ерлан ҚОШАНОВТЫҢ Балқаш қаласына жасаған сапары барысында белгілі болды.

Қиын мәселелердің бірі – Саяқ ауылын ауыз сумен қамту. Ауыл тұрғындары он жылдан астам уақыт бойы ауыз су тапшылығының зардабын тартып келеді. Бүгінде облыс басшылығы осы мәселені шешудің тиімді жолдарын іздеуде.

Бізде екі нұсқа бар. Біріншісі, Балқаштан су жеткізу құбырын өткізу, ол – 160 шақырымдық жер. Былтыр­ғы жылғы есептеулерге сай ол жоба үшін 22 млрд. теңге қажет. Балқаштан төртінші насос стансасына дейін 60 шақырым, ол 2,8 млрд.теңгені құрайды. Екіншісі, бюджеттік нұсқа – тереңдігі 200 метр болатын 20 саңылау қазу. Бүгінгі таңда оның біреуі дайын, онда 8 метр су қоры бар. Қыркүйек айына дейін барлық саңылаулар қазылады. Сонан соң қыркүйекте осы аудандағы су қорының деңгейін есептей аламыз. Егер де ол жеткілікті болса, онда біз жалпы сомасы 1 млрд.теңге тұратын тазалау құрылымдарын сала бастаймыз, – дейді энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасының жетекшісі Қайрат Бегімов.

Аймақ басшысы Балқаш қаласының активтер отырысында Саяқ ауылы тұрғындарының шағымдарын тыңдады.

Саяқта болмасам да, бұл мәселені жақсы білемін, өйткені сумен қамту мәселесін бақылауда ұстаймын. Әзірге қай нұсқаның тиімді әрі дұрыс екені белгісіз. Айтқым келгені, біз геологиялық зерттеулер өткізбейінше басқа нұсқалар қарастырылмайды, себебі, ол үшін бюджет қаражаты бөлінген. Біз бұл мәселені шешеміз. Мәселе жауапсыз қалмайды, – деді аймақ басшысы.

Шешімін табуды талап отырған тағы бір Балқаш мәселесі – Қоңырат шағынауданындағы қазандық. Шағынауданнан 1,5 шақырым жерде орналасқан нысан 1960 жылы пайдалануға берілген. 2013 жылы коммуналдық жеке меншікке өтті. Бүгінгі таңда, Қоңырат шағынауданы 67 көпқабатты, 25 жеке сектордағы тұрғын үйлер мен 5 әлеуметтік нысанды жылумен қамтиды.

«СуЖылуТранс» ҚМК жетекшісінің айтуынша, қазандық жұмысы ақталмайды. Жылу маусымы кезінде ол 9 мың тонна көмірді жағып, 1 млн. астам энергияны шығындайды. Нысан шығынға батып жатқандықтан, тұтынушылар үшін тарифті өсіру немесе басқа кешенді модульді қазандық құру мәселесі туындаған. «Аталмыш қазандық төзімділігі 4-5 жыл. Алайда, болашақта заманауи технологияларға көшкен жөн. Шығынға батпас үшін шағынауданға жақынырақ жаңа қазандық салу керек. Біз алдағы 4-5 жылда модульді қазандыққа көшуді жоспарлап отырмыз, – деді Балқаш қаласының әкімі Александр Аглиулин.

Балқашқа жасаған іссапары барысында аймақ басшысын толғандырған сауал – экология мәселесі. Аймақ қызметінің 90% ірі өнеркәсіптер құрайтынын ескерсек, экология мәселесі мұнда бірінші кезекте тұруы тиіс. Қала активтерінің жиыны барысында осы мәселе жөнінде облыс әкіміне «Қазақмыс» Корпорациясы» ЖШС басқарма кеңесінің бас директоры және бірінші жетекшісі Бақтияр Қырықпышев баяндады.

Біз мыс балқыту зауытының жұмысын жақсартуды жоспарлап отырмыз. Бүгінгі күні газдан тазалау жүйесінің жағдайы мәз емес, сол себепті жобаға сай тапсырмаларды орындай алмай жатырмыз. Осы мәселені шешу үшін газдан тазалау бойынша жаңа жүйені құру жоспарланды. Сондай-ақ, біз құрғақ электрфильтрлерге толық жөндеу жұмыстарын жасауды жоспарлап отырмыз. Ондағы басты жұмыс газарнасының жөндеу. Алдағы үш жылда ол толығымен модернизацияланады. Барлық тех­нологиялық үрдістерді қалпына келтіру үшін 150 млн. доллар қаражат жұмсалмақ, – деді.

Сондай-ақ, облыс әкімі Бал­қаш қаласының медициналық ор­талықтарының жұмысымен та­нысты. Қала активінің жиынында жергілікті денсаулық сақтау жүйесінің күрделі мәселелері де талқыланды. Жылдам шешімді қажет ететін басты мәселе – кадрлардың жетіспеуі. Бұл мәселені шешу үшін облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшылығы Балқаш қаласы әкімдігімен бірлесе жас мамандарды тұрғын үймен қамтуды қолға алған. Жергілікті бюджет есебінен 17 пәтер жөнделді, оларға жас мамандар қоныстанады. Және кадрлардың жетіспеуіне байланысты тек Қарағанды облысының емес, сондай-ақ, Алматы мен Астана қалаларының медициналық университеттерінің түлектерімен 16 шарт жасалған.

Облыс әкімінің

баспасөз қызметі.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button