Руханият

Мұражайға Құран сыйлады

2018 жылы ашылған «Достық үйі» музейінде облыстық этно-мәдени бірлестіктердің көмегімен жиналған 1500-ге жуық жәдігер бар. Барлығы этномәдени бірлестіктер өкілдері үшін үлкен маңызға ие.

Суреттер: автордан

«Достық үйіндегі» мұражай – қазақстандық бірегейлік пен жалпыұлттық бірлікті нығайтады. Осы орайда ортақ дәстүр, тіл, мәдениет сақтау – этномәдени бірлестіктердің күш-жігерін біріктіруге ықпал етеді. Түрлі ұлт өкілдері «қазақ еліне алғыс айтамыз» деген ниетпен құнды жәдігерлер тарту етеді. Жақында Әнет баба мешіті музейге бірнеше діни кітаптар сыйлады. Оның ішінде 1970 жылы өшірілмейтін сиямен жазылған екі Құран кітабы бар.

Сондай-ақ, шешен-ингуш бірлестігі музей қорын ұлттық аспап дочиг – пондар мен толықтырды. Оңтүстік Кореядан келген қонақтардың ішінде кәсіпкер әйел музейге корей ұлттық ханбок киімін арнайы тоқып әкеліп, тарту етті.

Музейдегі «Понтос» грек орталығының қоры ежелгі грек вазасымен толыққаны да біз үшін ауыз толтырып айтарлық жаңалық.

Қазіргі таңда әртүрлі ұлттардың салт-дәстүрі, мәдениеті, әдет-ғұрпы жайында кеңінен баяндап, қызықты деректер ұсынатын музей жұмыс істеп тұр. Тамашалаймын деген көрерменге есігіміз айқара ашық.

Мүгүлсім ШИБАЕВА,
«Достық үйі» музейінің қызметкері.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button