АймақБалқаш

Мұраты биік «Музей түні»

Халықаралық музей күні қарсаңында Балқаш тарихи-өлкетану музейіне жиналған балқаштықтар өткен ғасырға сапар шекті. Мәдени-танымдық іс-шара «Музей – асыл мұралар мекені» тақырыбында ұйымдастырылды.

Суретті түсірген автор

Кешкі сағат 17:00-де басталған мәдени шара 20:00-ге дейін жалғасты. Музейдің биылғы акциясы әдеттегіше қазақ биімен басталды. Қала тұрғындары мен қонақтарына қолөнершілер жәрмеңкесі, шеберлік сыныптары, көрмелер, экскурсиялар, дәрістер, музыкалық қойылымдар ұсынылды. Мерекелік көңіл күйге бөленген көрермен акция бағдарламасымен танысып, музейді аралауға кірісті. Көрерменге музей қызметкерлері көне жәдігерлерді, тарихи тұлғаларды таныстырды.

– Музей – Балқаш қаласының рухани және мәдени өмірінің ажырамас бөлігі. Біздің музейге келушілер қала тарихы туралы біліп қана қоймай, түрлі рухани-тарихи және мәдени шараларға қатысып, ой-өрісін кеңейтеді. Бұл жерде елу мыңнан астам жәдігер бар. «Музей түні» акциясы аясында бірқатар жәдігермен таныстырып жатырмыз, – дейді Балқаш тарихи-өлкетану музейінің ғылыми қызметкері Арай Ахметова.

Музей түніне қатысқан қонақтар қатарында студент жастар, орта буынмен қатар, ата-әжелеріміздің жүргені көңіл қуантады. Мәдени-интеллектуалды шараларға көрермен көптеп келді.

Сонымен қатар, акция аясында музеймен тығыз қарым-қатынас жасап қана қоймай, мәдени, рухани достыққа дәнекер болған жандар Алғыс хатпен марапатталып, естелік сыйлықтар табысталды. «Жылдың үздік жәдігер тапсырушысы» номинациясымен қала тұрғыны Надежда Смирнова, «Музейдің белсенді көрермені» номинациясымен Күлзикен Исабекова, Сәния Әбдірахманова және журналистер Асыл Әбілқайырқызы, Береке Шалова марапатталды.

Нұрдос КӘРІМ,
БАЛҚАШ
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button