Ресми

Мүмкіндігі шектелгендер үшін шексіз мүмкіндік

Бүгінде «Күміс жас», «Алғашқы жұмыс орны», «Әлеуметтік жұмыс орындары» «Жастар тәжірибесі», «Ұрпақтар сабақтастығы» бағдарламалары нәтижесін беруде. Сонымен қатар, 2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобасы. «Жаңа бизнес идеяларды іске асыруға мемлекеттік гранттар беру» тетігі бойынша да еңбекке араласушыларға оңтайлы жағдай жасалған. Қарағанды облысының Шахтинскіге арнайы барған бір топ журналист осы қаладағы еңбекпен қамту жағдайын біліп қайтты. Мұнда жыл басынан бері 59 мүгедек адам жұмысқа орналастырылды. Олар үшін арнайы жұмыс орындары құрылса, жұмыс берушілер мемлекеттен субсидия алады.

 

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жұмыс орындарын құруға арналған шығындарды субсидиялауды енгізген болатын. Бұл туралы Шахтинск қалалық Мансап орталығының жетекшісі Рүстем Манапов:

– Жыл басынан бері бізге мүгедектігі бар 63 адам жүгінді. Олардың 59-ын жұмысқа орналастырдық. Жұмыс берушілерді мүгедек адамдарды жұмысқа орналастыруға қызықтыру үшін Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау минис­трлігі жұмыс орындарын құруға арналған шығындарды субсидиялауды енгізді. Яғни, компания басшысы жұмыс кеңістігін ұйымдастырады, ал, мемлекет 300 АЕК-ке дейінгі шығындарды өтейді. Бұдан басқа, осы жылдан бастап, жұмыс берушілерге мүгедектігі бар адамдардың жалақысын субсидиялау басталды. Жұмыс істеген бірінші жылы мемлекет 70%, екінші жылы – 65% және үшінші жылы – жалақы мөлшерінің 60% субсидиялайды, – дейді.

Шахтинск қаласында өз кәсібін дөңгелетіп отырған «Айзере» әмбебап тігін кәсіпорыны 2017 жылы ашылды. Алғашында бес адаммен жұмыс бастаған тігін цехы бүгінде дамып, бес жылдың ішінде 20 шақты шеберді біріктіріп отыр.

– Полиция қызметкерлеріне, дәрігерлерге және басқа да тапсырыс бойынша киім тігеміз. Мансап орталығымен тығыз байланыстамыз. Орталықтың ұсынысы бойынша маған тағы төрт адам келді. Біреуі әлеуметтік жұмыс орнына, үшеуі «Күміс жас» жобасы бойынша жұмысқа орналастырылды. Бұл жұмыскерлердің жалақысы субсидияланады. Бізде тұрақты өндіріс бар, тапсырыстар жеткілікті. Мен тағы 10 адамды қабылдауға дайынмын, – дейді кәсіпорын басшысы Қаламқас Сауханова.

 

Светлана Рябцева – Шахтинск қаласында жұмыс берушісі арнайы жұмыс орнын жабдықтаған алғашқы қызметкерлердің бірі. Бір айдан астам уақыт бойы ол осында жұмыс істейді.

– Жасым 52-де, тігіншімін. Құлағымның мүкістігі бар. Бұрын біз Алматыда тұрдық, сол жерде менің кішкентай ательем болды. Бірнеше жыл бұрын отбасыммен Долинкаға көшіп келдік, бір жылдан астам уақыт жұмыс таба алмадым. Маған Мансап орталығына жүгінуге кеңес берілді, сол жерден маған жұмыс табылды. Цехта маған бәрі ұнайды, ұжым өте жақсы, – дейді Светлана.

Қаламқас Сауханова болса, Светлананың жұмысқа деген ынтасы жоғары екендігін жеткізді.

– Светлананы жұмысқа алуды маған Мансап орталығы ұсынды. Ол бізде екінші ай жұмыс істейді, өзін жақсы маман ретінде көрсетті, – дейді Қаламқас Сауханова.

Мүгедектігі бар адамдар үшін қолайлы жағдай жасау үшін кәсіпкер екі инфрақызыл бөліктен және Брайль шрифтіндегі ақпараттық көрсеткіштен тұратын арнайы жарық шамшырағын сатып алған. Бұл ерекше қызметкерлер үшін нұсқаулық ретінде қызмет етеді.

Мемлекет кәсіпкерге жарық шамдарын сатып алу шығындарын өтеді.

Әдебиет БЕЛГІБАЙҰЛЫ

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button