Руханият

Мәңгілік Елге бастар баспалдақ

  Елбасы Н.Назарбаев 2014 жылғы Жолдауында «Қазақ елінің ұлттық идеясы – Мәңгілік Ел ата-бабамыздың сан мыңдаған жылдар бойғы асыл арманы екені баршамызға белгілі. Ол арман – әлем елдерімен терезесі тең, әлем қатынасынан ойып тұрып орын алатын Тәуелсіз мемлекет атануы еді, ол арман тұрмысы бақуатты, түтіні түзу ұшқан, ұрпағы ертеңіне сеніммен қарайтын бақытты ел болу еді. Біз бұл арманды ақиқатқа айналдырдық. Мәңгілік Елдің іргетасын қаладық!» делінген.

«Мәңгілік Ел» идеясын жүзеге асыруда ұлт зиялыларына жүктелер міндет – зор. Сол зиялы қауымның бір өкілі – ұстаздар. Ұрпақтың жұлдызын жағып, мәртебесін биіктететін де, тағылымын қалыптастырып, танымын кеңейтетін де – білім.

«Мәңгілік Ел» ұлттық идеясын аймақта табысты іске асыруда «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы өз үлесін қосып келеді. Атап айтар болсақ, мектеп директорларының орынбасарларына арналған «Мәңгілік Ел – Зайырлы мемлекет және руханилық» пікірталасы, бейнелеу өнері мұғалімдерінің «Мәдени мұра» көркемдік жұмыстар көрмесі, барлық педагогтарға арналған «Мәңгілік Ел» кітап көрмесі іс-шаралары осының айғағы.

Институт қызметкерлері Тәуелсіздік жылдарындағы еліміздің білім беру жүйесінің жетістіктерін елімізден тыс жерлерде де насихаттап жүр. Мәселен, институт директоры п.ғ.д., профессор С.Мұқанова мен аға оқытушы Б.Бигельдинова Х.Абовян атындағы Армян мемлекеттік педагогикалық университетінің (Армения) «Жалпы әдіснама және педагогикалық инновациялар» зертханасының ұйымдастыруымен білім беруді дамыту мәселелері бойынша жазғы мектепке қатысып, қазақстандық білім беруді жаңғырту мазмұнынмен таныстырды.

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай институтымыз «Біліктілікті арттыру жүйесі: педагогтердің кәсіби әлеуетін дамытудағы инновациялық шешімдер» тақырыбында халықаралық конференциясын өткізді. Конференция жұмысына әлемнің әр тарапынан 221 адам қатысып, өз тәжірибелерімен бөлісті. Қатысушылар ұсынған материалдар мен біліктілікті арттыру жүйесі өкілдерінің мақалаларының жинағы шығарылды.

Өркениеттің өлшемі де, мемлекеттің келешегі де қашан да қоғамдағы білім деңгейіне тәуелді. Ұстаздарымыз «Мәңгілік Ел» идеясын жүзеге асыру барысында және білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында білім берудің жаңа тәсілдерін жете меңгеріп, еліміздің жарқын болашағы үшін аянбай қызмет ететініне, ХХІ ғасырды Қазақстанның «Алтын ғасырына» айналдыруға өзіндік үлестерін қосатынына кәміл сенеміз.

Г.ИБРАГИМОВА,

«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы

Қарағанды облысы бойынша ПҚ БАИ,

инновациялық дамуды

әдістемелік

қамтамасыз ету бөлімінің

басшысы.

Р.ДҮЙСЕНБАЕВА,

«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы

Қарағанды облысы бойынша ПҚ БАИ,

инновациялық дамуды

әдістемелік

қамтамасыз ету бөлімінің маманы.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button