Жаңалықтар

Мәңгілік Ел – әдебиетте

    Еліміздегі білім беру мен ғылым жүйесін жаңғыртудың қазіргі заманғы кезеңі әрбір адамның сапалы тәрбие мен білімге қолжетімділігін, жаңа кәсіби дағдыларды игеріп, шығармашылық құзыреттерін дамытуға мүмкіндік беріп отыр.

        Осы орайда биылғы оқу жылына арналған Қазақстан Республикасының жалпы орта білім беретін ұйымдарында оқу процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы әзірленген әдістемелік нұсқау хатында «Білім мазмұны жаңартылған бастауыш, негізгі және жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті мемлекеттік стандартын, оқу бағдарламаларын әзірлеу «Мәңгілік Ел» құндылықтарына бағдарлануымен жүзеге асырылуы тиіс» – деп көрсетілген.

      Яғни, қазақ әдебиеті пәнін оқыту барысында үнемі «Мәңгілік Ел» идеясының құндылықтарымен байланыстырып отыру ұсынылады. Еліміз саяси-әлеуметтік және экономикалық дамудың жаңа кезеңіне қадам басқан уақытта терең білім, сауатты ұрпақ тәрбиелеу – негізгі міндеттердің бірі.

       Қазақстан Республикасының Пре­­зиденті Н.Назарбаев халыққа Жол­­дауында «Қазақтың ел болуы, ұлт тағдыры – оның келешек мектебінің қалай болып құрылуына тіреледі», – деп атап өтті. Оқушыдағы осы сезімді ояту – мұғалімнің қолында, яғни, оқушыға әдеби білім беру, әдеби, эстетикалық, адамгершілік қасиеттерін дамыту үшін мұғалім әдебиетті оқыту барысында әдіс – тәсілдерді орнымен қолдану қажет.

      «Мәңгілік Ел» идеясының бастауы тым тереңде жатыр. Ол 1300 жыл бұрынғы үш қағаннан бастау алған. Бұл идеология өз эпос-жырларымызда, ертегілерімізде жалғасын тапқан.

      Жерімізді қорғап Мәңгілік Ел болу – азаттықты аңсаған ата-бабаларымыздың арманы. Біз үшін қай замандағы тарихымыз болмасын қымбат, айтулы кезеңдерде ту ұстаған бабаларымыздың барлығы да құрметті. Сонау көне күндерден жеткен жәдігерлеріміздің жазу-сы­зу­ларынан бастап, күні бүгінге дейінгі мол мұраларымыз осының айғағы.

      Әдебиет сабағының күре тамыры көркем мәтінмен жұмыс істеу. Оның ерекшелігі сол – ол оқушының жүрегіне, сезім қылына әсер етуі. Осындай көркем туындылар арқылы «Мәңгілік ел» – Қазақстанды мекендеген барша халыққа қасиетті, ортақ Отаны екенін айғақтайтыны сөзсіз.

Мөлдір ТЛЕУБЕКОВА,

С.Сейфуллин атындағы №7 мектеп-гимназиясының қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі.БАЛҚАШ қаласы.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button