Рухани жаңғыру

Мәдениет үйінде – мәнді жүздесу

           Өткен бейсенбі күні «Молодежный» Мәдениет үйінде агротехникалық колледж студенттерінің қатысуымен патриоттық сағат өткізілді.

Патриоттық сағатты ұйымдастырудағы басты мақсат – Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауын насихаттап, түсіндіру, патриоттық сезімді ояту, азаматтық сана қалыптастыру.

Сонымен қатар, шара барысында «Цифрлы Қазақстан», «Туған жер» бағдарламасы, «Ақылды қала», «ақылды ұлт» сынды бірегей бағыттар талқыланды.

Мәдениет үйі директорының орынбасары Нұргүл Төлепбекова Елбасы Жолдауын негізге ала отырып, Жолдаудың басым бағыттарын атап өтті. Мәселен, Мемлекет басшысы Жолдауы – Төртінші өнеркәсіптік революция әлемінде отандастарымыздың ұтымды бейімделу үшін не істеу керектігін айқындайды.

Сонымен қатар, жасөспірімдерге арналған №2 қалалық кітапхана филиалының меңгерушісі Айжан Исина өз сөзінде Елбасының дана әрі сарабдал саясатының нәтижесінде Отанымызда бірлік пен бейбітшілік ту тіккендігін жеткізді. Ал, Қазақстанның одан әрмен дамып, алға қойған мақсатына жету үшін, нақты тәжірибелік істерге сүйене отырып, міндеттерді орындауға деген ынтаның болуы керектігін алға тартты. Сонымен қатар, жаңа әліпбидің бүгінгі таңдағы қажеттілігіне тоқталып, қазақ қаріпінің қысқаша тарихына тоқталды. Мысал ретінде латын графикасына көшу – әлемдік тәжірибе екендігі айтылып, қатысушылардың қойған сұрақтарына жауап берді.

Қазақстан жаңа тарихи дәуірге аяқ басты. Жалпыға бірдей жаңғыру және жаһандық өзгерістер дәуірі менмұндалап тұр. Мұндай жағдайда тек жоғары білімді адам ғана биік мақсаттарға қол жеткізе алады. Бұл ретте, «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында жасөспірімдерге арналған №2 қалалық кітапхана филиалы «Аты аңызға айналған тұлға» кітап көрмесін ұйымдастырды. Кітапханашы Ирина Дмитриева көрмеге әдеби шолу жасап, қатысушыларды қызықтырған кітаптар туралы кеңінен әңгімелеп берді.

Қарағанды қаласы әкімінің баспасөз қызметі.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button