Қарағанды

Ұлылар мұрасы – мәдениет мәйегі

      №74 мектепте дәстүрлі ХYІІІ республикалық Абай оқуларының қалалық кезеңі өтті.

Мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту, Абай және Шәкәрім шығармашылығын насихаттау арқылы қазақ мәдениетіне, тілі мен әдебиетіне өзге ұлт өкілдерінің ықыласын арттыру мақсатындағы сайыста қырық төрт мектептен алпыс оқушы бәйгеге түсті.

Сайыс алдында «Ұлылардан ұлағат» атты әдеби-сазды кеш ұйымдастырылды. Онда Абай мен Шәкәрімнің адамгершілік асыл қасиеттеріне үндеген сөздері оқушыларды бір шабыттандырып алды. Кештен кейін «Өлең –сөздің патшасы» бағыты бойынша отызға жуық өлеңді жатқа айтып, топтан озып шыққан, №65 ЖББОМ оқушысы Виктория Харченко бас жүлдені иеленді. Қалалық білім беру бөлімінің грамотасы және №74 мектеп директоры Н.Нұртаеваның бәйгеге тіккен планшеті және осы мектептің қазақ тілі мен әдебиетінің мұғалімдерінің дайындаған кубогы жүлдегерлерге табысталды.

«Көңілім әнді ұғады» бағытында Абай немесе Шәкәрімнің бір әнін орындауда № 38 мектеп-гимназиясының оқушысы Елена Допира І орынға ие болды.

«Жүйріктен жүйрік озар» бағыты бойынша өз шығармашылығынан Абай мен Шәкәрімге арнау оқыған № 9 гимназия оқушысы Маргарита Рыбакова І орынды жеңіп алды.

Сайысқа қатысушылар арасында білім, өнерімен ерекшеленген оқушыларға Алғыс хат табыс етілді. Сайысты ұйымдастырған мектеп ұжымына және сол сайысты ойдағыдай өткізген қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері Л.Зарубаева, Ж.Сайдина, А.Абдильдина, Т.Аманжолова, А.Жетпісбаева қалалық білім беру бөлімінің Алғыс хатымен марапатталды.

Нүргүл АБИКЕЕВА,

№74 жалпы білім беретін орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі.

ҚАРАҒАНДЫ қаласы.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button