Ұлы Жеңістің 80 жылдығына 100 күн қалды
Бүгін Қазақстан Республикасы ІІМ Ұлттық ұланының әскери бөлімдерінде “Ұлы Жеңіске 100 күн қалды” акциясы басталды.
Іс-шара аясында Ұлттық ұланның Қарағанды қаласында орналасқан әскери бөлімдері “Мәңгілік алау” монументіне гүл шоқтарын қойып, батырлар рухына тағзым ету арқылы акцияның ашылу рәсімін өткізді.
— Бұл акция еліміз бен жерімізді қорғап, қазіргі ұрпаққа бейбіт күн сыйлаған Ұлы отан соғысының батырларына арналады. Бүгінгі күннен бастап барлық әскери бөлімдерде түрлі іс-шаралап өткізіліп, үгіт-насихат жұмыстары жүргізілетін болады, – деді “Орталық” өңірлік қолбасшысының тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасары, полковник Берік Тоқтаров.
Осылайша ұландықтар Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған ауқымды акция аясында кешенді жұмыстар жүргізіп, жас ұрпаққа Жеңіс пен бейбіт өмірдің маңыздылығын жеткізбек.
ҚР ҰҰ «Орталық» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі