Жаңалықтар

Ұлы жауап

Бұқар жыраудың қартайған кезінде көңілін сұрамақ болып Қаздауысты Қазыбек би келеді. Төсекте жатқан  Бұқар жырау  “Бірден онға дейін санның мағынасын маған ешкім айтып бере  алмады, Қазыбек, сен айтып берші?”  деген.  Сонда  Қазыбектің берген жауабы:

Бір дегеніңіз – бірлігі кеткен ел жаман.

Екі дегеніңіз – егесіп өткен ер жаман.

Үш дегеніңіз – үш бұтақты шідерден шошынар ат жаман.

Төрт дегеніңіз – төскейге шыға алмаған кәрілік жаман.

Бес дегеніңіз –  білікті адамнан белгілі бала тумаған жаман.

Алты дегеніңіз – аймағын билей алмаған кісі жаман.

Жеті дегеніңіз – жетем деген мақсатына жете алмаған жаман.

Сегіз дегеніңіз – серкесіз бастаған қой жаман.

Тоғыз дегеніңіз – толғанғаныңыз.

Он дегеніңіз – өткеніңіз, о дүниеге жеткеніңіз.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button