Ұлы ақынды ұлт болып ұлықтайық
Бүгін – кемел ойлап, кең пішкен дала данышпаны, қазақ жазба әдеиетінің негізін салушы ұлы ақын, ғұлама ғалым, ұлтымыздың тұғыры биік тұлғасы Абай ҚҰНАНБАЙҰЛЫНЫҢ туған күні.
Осыдан 3 жыл бұрын һакімнің 175 жылдық мерейтойына орай Үкімет қаулысымен 10 тамыз – Абай күні болып бекітілген болатын.
Елдің руханиятына соны серпіліс әкелген осы бір мерейлі мерекеге орай Қарағанды қаласы әкімдігі мен Қазақстан Жазушылар одағының облыстық филиалы бірлесіп, қаламыздың Орталық мәдени және демалыс саябағында «АДАМЗАТТЫҢ АБАЙЫ» атты поэзия кешін өткізбек.
Шарапатты шараға өңірімізге белгілі ақындар, өнер майталмандары қатысады деп жоспарлануда. Ойға азық, бойға қуат сыйлар өрелі өлең тыңдап, есті ән естігілеріңіз келсе бүгін, сағат 19:00-де қаламыздың Орталық мәдени және демалыс саябағында өтетін рухани кешке келіңіздер!
Ілияс ДҮНГЕНБАЙҰЛЫ,
ortalyq.kz