Жаңалықтар

Ұлттық стандарттау – ұтымды қадам

Қазіргі заманғы қоғамдық өндірісті дамыту, жалпыға бірдей үнемге қол жеткізу, ғылыми-техникалық прогресті жеделдету, еңбек өнімділігін арттыру, өнімдердің сапасын жақсарту үшін стандарттауды пайдаланбау мүмкін емес.

Өнімдер мен қоғам мүшелерінің қызмет аясы үшін бірыңғай нормалар, ережелер мен талаптарды белгілей отырып, стандарттау сол арқылы өндіріс талаптары мен оны пайдалану жағдайлары арасындағы байланысты анықтайды.

Стандарттау нәтижелерін экономикаға енгізу, барынша аз шығын жұмсай отырып, қоғамды жоғары сапалы өнімдермен қамтамасыз етуге, өндірістің мамандануын дамытуға, шикізат пен ресурстарды тиімді және үнемді пайдалануға ықпал етеді.

Стандарттау – бұл белгілі бір салада нақты іс жүзіндегі немесе әлеуметтік міндеттерге қатысты жалпыға бірдей және көп рет пайдалану үшін ережелер белгілеу арқылы ретке келтірудің оңтайлы дәрежесіне қол жеткізуге бағытталған қызмет.

Стандарттауды практикалық қызмет ретінде, ғылым ретінде және басқару жүйесінің элементі ретінде қарастыруға болады. Қазіргі уақытта әлемдік қауымдастықта стандарттау өңірлік, ұлттық немесе халықаралық деңгейде жүзеге асырылады.

Ұлттық стандарттау тиісті мемлекеттік органдар тарапынан бір мемлекеттің шеңберінде жүзеге асырылады. Ұлттық стандарттау – бір елдің деңгейінде жүргізілетін стандарттау. Ұлттық стандарттаудың негізгі мақсаттары болып мыналар саналады:

Ғылыми-техникалық прогресті жеделтету, қоғамдық өндірістің тиімділігін арттыру;

Өнімдердің сапасын жақсарту және тауарлардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру;

Өндірілетін тауардың тиімді номенклатурасын белгілеу;

Барлық қызмет салаларында халықаралық ынтымақтастықты дамыту.

Жыл сайын «Қазақстан стандарттау және сертификаттау институты» РМК қызметкерлері тарапынан аймақтағы кәсіпорын – өндірушілерді нормативтік құжаттармен қамтамасыз етуге қатысты мәселелерді шешуде үлкен жұмыстар атқаруда. Атқарылған жұмыстардың нәтижесі бойынша жаңа өнімдерге қолданыстағы стандарттардың жоқтығына байланысты кәсіпорындар мен ұйымдардан ұлттық стандарттарды әзірлеуге ұсыныстар жинақталып, жинақталған ұсыныстар Мемлекеттік стандарттау бойынша жоспарға қосу үшін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитетіне ұсынылады.

Қазақстан Республикасында стандарттау жұмысын ұйымдастыру және үйлестіру мақсатында техникалық реттеу саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган Мемлекеттік стандарттау жоспарын 3 жылдық мерзімге әзірлеп, бекітеді, және енгізілетін өзгерістер мен (немесе) толықтыруларды ескере отырып жыл сайын қайта қаралады.

Бұл жоспарға негізгі стандарттар, өнім стандарттары (қызмет көрсету), процестер, бақылау әдістері, Қазақстан Республикасының техникалық және экономикалық ақпаратының ұлттық классификаторлары, аймақтық стандарттар жатады.

ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті 2019-2020 жылдарға арналған ұлттық стандарттау жоспарын қалыптастыру бойынша жұмыстар жүргізіп жатыр. Осыған байланысты, кәсіпорындар өздерінің өнімдерін өндіру үшін қажетті ұлттық стандарттарды әзірлеуге өтініш бере алады, ұлттық стандарттарды әзірлеу бюджеттік қаражат есебінен тегін негізде жүзеге асырылады.

Қазіргі кезде облыстың «Арселор Миттал» АҚ, «Қазақмыс Корпорациясы» ЖШС, «Ати-Казахстан» ЖШС сияқты кәсіпорындары ұлттық стандарттарды әзірлеуге өтініш беріп және де әзірленген Қазақстан Республикасының ұлттық стандарттарын қолданып келе жатыр.

«Қазақстан стандарттау және сертификаттау институты»

РМК Қарағанды филиалы.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button