Спорт
Ұлттық құрама жастары жарап тұр
Қазақстанның U-19 және U-21 құрамалары наурызда оқу-жаттығу жиыны аясында бірнеше жолдастық ойын өткізді.
Әуелі Қазақстан U-21 құрамасы U-19 құрамасымен кездескен. Нәтижесінде 2:0 есебімен жеңіс U-21 құрамасының пайдасына шешілді. Сонымен қатар, U-21 құрама командасы «Қайрат» жастарымен жолдастық кездесу өткізіп, 3:3 есебімен тең түсті.
Ал, Ұлттық құраманың U-19 жастары «Каспий» жастарынан 2:1 есебімен басым түскен. «Жетісу» командасымен өткен ойында да 3:0 есебімен қарсыластарын ойсырата жеңді. Және де Қырғызстанның U-19 құрамасымен де жолдастық кездесу өткізді. Тартысты ойын 1:0 есебімен аяқталып, жеңіс отандастардың пайдасына шешілді.
Ербол ЕРБОЛАТ,
Ortalyq.kz