Жаңалықтар

Әлемдік көрменің әспеті

«EХРО-2017» Халықаралық мамандандырылған көрмесінің ашылуына байланысты елімізде түрлі дəрежедегі шаралар өткізіліп жатыр. Халықаралық шараны әспеттеуден Ж.Бектұров атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасы да қалыс қалмады. Мұнда «EXPO – 2017: жарқын істер жолашыры» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.

«Өркениетті өнеге – EXPO-2017» мерекелік шара аясындағы кітап көрмесіне Қарағанды политехникалық колледжінің оқытушысы Шұға Жақсылыққызының жетекшілігімен бір топ студент қатысты. Жаһандық көрме жайлы банерлер ілінді. Жүргізуші “БОТА” интеллектуалды жастар орталығының мүшесі Аяжан Мадибекова жастарға халықаралық көрменің экономикалық, мəдени маңызын түсіндірді. Еліміз осындай үлкен дəрежедегі шараны өткізуге қалай мүмкіндік алғандығына тоқталып, жас мемлекет үшін бұл үлкен мəртебе екендігін атап өтті. Үш айға созылатын ауқымды шарада дүниежүзінің елдері өздерінің ғылымдағы, техникадағы, мәдениеттегі және өнердегі жетістіктерін көрсетеді. Осыған орай студенттерге “EXPO” қалашығында тұрғызылған нысандар да таныстырылды. Шара соңында отбасымен Астанаға барып, көрмені көзімен көріп қайтқан кітапхана қызметкеріне сөз берілді. Жаңагүл Байжанова көрмеден алған əсерімен бөлісіп, көрген-білгендерін жастарға əңгімелеп берді. Қай елдердің павильонына барғанын, əрқайссы несімен ерекшеленгеніне тоқталды. Сондай-ақ, көрермен тарапынан қойылған сұрақтарға толымды жауаптар берілді.

Өз тілшімізден.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button