Руханият

«Латынның өзі жоқ, қарпі қалған»

«Латынның өзі жоқ,

қарпі қалған»

(«Орталық Қазақстан»,

18.04.2017 жыл)

Қаламгер Мағауия Сембайдың «Латынның өзі жоқ, қарпі қалған» тақырыбындағы мақаласын «Орталық Қазақстан» газетінің сайтынан оқыдым.

Мағлұматы өте көп мақала! Бұрындары Эстония, Латвия, Литва, Грузия мен Армения елдерінің өз алфавиті бар екендігін білсем де, олардың тілін сақтап қалуы жолында жылдар бойы үлкен күрес жүргізгеніне осы мақала арқылы көзім жетті.

Сондағы ойым – ғасырлар бойы елін, жерін «найзаның ұшымен, білектің күшімен» жаулардан қорғап қалған батыр, қайсар халқымызға тілі мен дінін қорғау қиындау болғаны ма? Жо-жоқ, мүлдем олай емес! Қазақ халқы – өте жан-жақты және ұлы халық.

Латын әліпбиіне көшу – сананы сергітудің жолы. Тілдің шұбарлануы­нан құтылудың бастамасы. Бұл оңай шаруа емес, ондаған жылдар керек.

Мақала авторы жазғандай, «Ше­шінген судан тайынбайды». Халқым, елім деген азаматтар осы бастаманы қолдап, жұмылады деген ойдамын. Адамның жанын толғандырар мәселелерді көтеріп жүрген Мағауия ағамыз­ға, көкіректі оятар газетке мың да бір Рахмет!

Зарина БАҚЫТҚЫЗЫ,

Екпінді ауылының тұрғыны.

Іле ауданы,

АЛМАТЫ облысы.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button