Рухани жаңғыру

Латын әліпбиіне көшу – жаңа белес

    Жуырда Қарағанды мемлекеттік медицина университетінің қазақ тілі кафедрасының ұйымдастыруымен «Латын әліпбиіне көшу – қазақ тілінің жаңа белесі» атты облыстық семинар өтті. Семинар жұмысына Қарағанды облыстық Тілдерді дамыту басқармасының, облыстық ішкі саясат басқармасы және Қарағанды қаласының 6 жоғары оқу орнының өкілдері қатысты.

Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың қазақ әліпбиін кириллицадан латын әліпбиіне көшіру туралы Жарлыққа қол қойғаны белгілі. Қазіргі қолданыстағы әліпбиді латын әліпбиіне ауыстырудың тиімділігі жоғары. Ендігі кезекте, күн тәртібіндегі өзекті мәселе – әліпби ауыстыру үдерісін жүзеге асыруда атқарылар іс-шаралар барысын межелеу, – деді ұйымдастырушылар.

Жиын барысында Е.Бөкетов атындағы ҚарМУ-дың қазақ тіл білімі кафедрасының меңгерушісі, профессор, филология ғылымдарының докторы Ш.Мажитаева және профессор, филология ғылымдарының докторы А.Әділова, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Бәрімбек Бейсенов атындағы Қарағанды академиясының тілдік дайындық кафедрасының бастығы, филология ғылымдарының докторы, профессор Ш.Жалмаханов, Қарағанды «Болашақ» академиясы қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының меңгерушісі, филология ғылымдарының кандидаты, профессор Қ.Сембиев, Қарағанды мемлекеттік медицина университеті қазақ тілі кафедрасының доценті, филология ғылымдарының кандидаты С.Шахина баяндама жасады. Бұдан бөлек тіл жанашырлары мен болашақ мұғалімдердің барлығы латын әліпбиіне көшу мәселесінің өзектілігіне мән бере сөйлеп, қолдайтындықтарын жеткізді. Латын әліпбиіне көшу – әлемнің ең дамыған 30 елінің қатарына қосылу мүмкіндігімізді жеделдетіп, мемлекеттік тілімізді игеруді жеңілдететіндігін атады. Сонымен қатар, тілдің тарихы мен түркі тілдерінің ұқсастықтарына тоқталып, жаңа латын әліпбиі ұлт ертеңі үшін жүзеге асырылғалы отырған оң қадам деп түсіндірді.

Нұрдос КӘРІМ

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button