Басты тақырыпҚарағандыРуханият

Латын қарпінің тұғыры

   Жуырда Қарағандының «Болашақ» академиясында жиналған қауым Елбасы Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВТЫҢ «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласын жан-жақты қарастырып, осы мақалада айтылған өзекті мәселе – латын әрпіне көшу жөнінде ойларын ортаға салды.

Алқалы жиынды «Болашақ» ака­­­демиясының ректоры, профессор Құралбай Меңлібаев жүргізіп отыр­­ды.

Облысқа арнайы келген үгіт-насихат топтарының өкілдері – Ш.Шаяхметов атындағы Тілдерді дамытудың республикалық үйлестіру-әдістемелік орталығының директоры Ербол Тілешов пен Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық  әліпбиі университеті қазақ әдебиеті кафедрасының профессоры Сағымбай Жұмағұлов Елбасы мақаласында баяндалған біраз жайттарды талдап жеткізді. Қос ғалым өз кезегінде латын тілі тарихтың жасампаз туындысы қоғамның қозғаушы күші һәм құбылысы деп ой түйді. Оның ішінде «Түркі халықтарының латын графикасы негізінде жасалған әліпбилері» тақырыбында баяндамаларын оқып, көпшіліктің қойған сұрақтарына толымды жауап қайырды.

Алғашқы болып сөз алған Сағымбай Жұмағұлов:

ХХ ғасыр басындағы қазақ тіл білімі мен әдебиетте сан салалы зерттеу жұмыстары жүргізілді. Түрлі оқулықтар жасаудың да қажеттілігі сезіліп, аса маңызды мәселе ретінде алға қойылған кезде – Ахмет Байтұрсынұлы ұлт тілі мәселесіне өте жауапкершілікпен қарап, өзінің ұзақ жылдар бойғы төл еңбегі – араб графикасы негізінде жасалған «Төте жазу» әліпбиін жұрт назарына ұсынды. Сонымен қатар, осыдан бастау алып, қазақ әліпбиін түрлі саясаттардың қажетімен түрленіп жаңарып отырды. Еуропа елдерінде латын қарпі жергілікті халықтың ана тілімен қатар дамығандықтан ана тілінің айтылу нұсқалары латын әліпбиіне әсерін тигізбей қоймаған, сондықтан Еуропа елдерінде латын мәтіндерінің оқылуында жергілікті тілге бейімделіп бірізділенді. Сондықтан біздің латын әрпіне көшуге келген қорқудың қажеті жоқ,– деді.

Бұдан кейін мінбеге көтерілген Ербол Тілешов:

Халықтың қамын ойлаған әр азамат, зиялы қауым өкілдері, әр түрлі мамандық иелері  латын әліпбиіне қатысты өз көзқарастарын білдіріп, ойларын ортаға салуда. Тіпті, кейбір адамдар мәселенің байыбына терең бармай, әліпби өзгертуді бұрынғы  кирилл әріптерін латын әріптерімен ауыстыра салу деп ұғуда. Екі жарылған тараптардың бірі халықты сауатсыз болып қалады деп қорқытып отыр. 1929 жылы латынға көшкенде де ел сауатсыз болып қалған жоқ. Ол кезде тіпті, оқуға халықтың әлеуметтік жағдайы жетпей жатты. Қазіргідей технология, қаражат болмады. Ел аштық, қуғын-сүргінді көре жүріп, мәжбүрлікпен көшкен уақыттар тарихымызда бар. Біз қазір саналы түрде, еркін ел ретінде ұмтылыс жасап жатырмыз. Сауатсыздық жөнінде тоқталсақ, бір жақтан ести отырып, тағы бір жақтан кітапты жазу барысында қателіктер жіберген елдер де аз емес. Елбасының мақаласында айтылған қазақ тілін латын әліпбиіне көшіру мәселесі бұған дейін де бірнеше рет көтерілгенін және біз бұл қадамдарға бару үшін қаншама зерттеулер жүргізіп, 25 жыл бойы өзге мемлекеттердің тәжірибесіне сүйеніп, өзіміздің нақты шешімімізді қабылдадық. Бүгінде әліпбиді жеке меншігіне айналдырғысы келетіндер де кездесіп жүр. Латын әліпбиі – халықтыкі. Әліпби әлеуметтік құбылыс. Сонымен қатар, бұл бастама еліміз үшін үдемелі ілгерілеушіліктің қадамы екендігін сенімді түрде айта аламыз,– деді.

Сондай-ақ, елімізде даярлық шараларын жүргізу керектігін, бүгінгі қоғамда тіл мәселесі ауқымды мәселелердің бірі екенін сөз етті. Сегіз жыл ішінде латынға көшуге бүгінгі таңда 7 ұжым жұмылдырылып, оның сыртында технолог сияқты білікті мамандар бірлесе қызмет жасап жатқан көрінеді. Қытай, жапон сияқты елдер өздерінің  иероглифтерін компьютерге енгізіп отыр, біз үшін қолданысқа енетін әріпті компьютер пернетақтасына қолайлы қылып орналастыруға күш салу керектігін де атады.

Нұрдос КӘРІМ

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button