Рухани жаңғыру

Латынға машықтану оңай

   

«Достық үйінде» Қазақстан халқының тілдер күніне орай  «Мәңгілік Ел» мәртебесі – тіл» атты дөңгелек үстел өтті. Жиынға қатысушылар латын әліпбиіне көшудің оңтайлы тұстарын атады.

Сондай-ақ, «Қоғамдық келісім» ұйымы облыстағы әтно-мәдени бірлестіктердің белсенді ұстаздарына Алғыс хаттар табыстады.

Жиынға қатысушылар мемлекеттік тілді латын графикасына, біріңғай стандарт әліпбиіне жалпыхалықтық енгізу мәселесін талқылады. Қазақстан халқы Ассамблеясы ғылыми-сараптама тобының басшысы В. Молотов-Лучанский латын әліпбиіне көшу тарихи маңызы бар стратегиялық қадам екенін атады. Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласының бір бағыты – қазақ әліпбиін латын қарпіне көшіруге негізделген. Облыста бұл үрдіс кезең-кезеңімен жүйелі түрде іске асуда деді.

Е.Бөкетов атындағы ҚарМУ-дың профессорлар құрамы латын әліпбиіне көшудің маңызды шарттарына тоқталды.

Жиында жақында еліміздің Парламентінде талқыланған латын әліп­биіне көшудің тиімді тұстары айтылды. Қатысушылар әліпбидің әлі де толықтыратын жағы көп екенін тілге тиек етті. Себебі, екі әріптің бір дыбысты беретіндігі, әлі де әліпбидің толықтыруды қажет етерін көрсетеді дейді.

Алмагүл ӘДІЛОВА, ҚарМУ­-дың қазақ тіл білімі кафедрасының профессоры:

– Төл жазуымыздың латын графикасына көшуі – еліміздегі аса елеулі оқиға. Жалпы, бұған қазақ қоғамы дайын деп айтуға болады. Себебі, 1926 – 1940 жылдарға дейін латын графикасын қолданғаны белгілі. Оның үстіне 1990 жылдардың басында латынша жарыққа шыққан «Қазақстан – Заман» газетін оқып, түсінетінбіз. Қазіргі таңда жастарымыз да ағылшын тілін игеріп жүргендіктен, латын графикасына көшу аса қиындық туғызбайды.  Әрине, бұл мемлекет және саяси билік тарапынан ұсы­нылған үлкен реформа болғандықтан, әлі де талқылауды қажет етеді.

Осылай жиынға қатысушылар жазудың өзі тілді жаңғыртудың, бекітудің негізі болғандықтан, латын графикасына көшудің маңызды екенін алға тартты. Оған қоса шетелдегі қандастарымыз да латын графикасына көшуді көптен бері күтіп, айтып жүргені белгілі дейді көпшілік. Бұл орайда, қазіргі таңда  «Қоғамдық келісім» ұйымы мамандары этно-мәдени бірлестіктерінің орталықтарында облысымызда тұ­рақты тұратын ұлттарға тіл үйрететін курстар жұмыс жасайтынын айтты.

Аяулым СОВЕТ

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button