Рухани жаңғыру

Латынға көшу – қажеттілік

   Қарағандыдағы жастар ресурстық орталығының мамандары латын әліпбиіне көшу бастамасына үн қосуда. Олардың айтуынша, латын әліпбиін таңдау – рухани тәуелсіздікке жол сілтейді әрі еліміз үшін стратегиялық мақсаттарға қол жеткізуге ықпал етеді.

Бұл жөнінде Елбасы Н.Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында қазақстандық қоғамды жалпы жаңғырту жағдайында қоғамдық сананы жаңғыртудың маңыздылығы жөнінде атап өткен болатын. Жастардың сөзіне сүйенсек, латын әліпбиіне көшу арқылы біз – жаңа технологияны тез игереміз. Әрбір жас латын әліпбиін меңгерсе, өзге тілдерді де меңгеруге мүмкіндік алады.

Әлбетте, жаңа әліпбиге көшу мақсатында халықты, әсіресе жастарды қоғамдағы өзгерістер туралы хабардар ету, жастардың алдында тұрған мәселелерді және өтпелі кезеңнің болашағын түсіндіру маңызды міндет. Осы мақсатта Қарағандыдағы жастар ресурстық орталығының мамандары Ж.Букенов атындағы банк колледжінің студенттерімен қазақ әліпбиінен латынға көшу мақсатында ақпараттық-түсіндіру шарасын өткізді. Шараға 200-ден астам жастар қатысты.

Кездесу барысында ақпараттық жұмыс және мониторинг бөлімінің меңгерушісі А.Фрибус, Е.Бөкетов атындағы ҚарМУ-дың ф.ғ.к., доцент М.Тұрсынова және КарМТУ «Жас Орда» СҰА белсендісі Ф.Қанат қатысты. Қатысушылар қазақ тілін реформалау тарихи алғышарттарға байланысты және басты мақсат – Қазақстанның жаһандық бәсекеге қабілеттілігін арттыру екенін атап өтті.

«Латын графикасына ауысу қазақ тілін жаңғыртып қана қоймай, оның ғасырлар бойы жинақталған құнды байлығын көрсетеді. Тіл тек қана байланыс құралы ғана емес, сонымен қатар руханилықты қалпына келтіруші қуатты құрал және ұлттық бірегейлікті нығайтушы», – деп атап өтті.

Аяулым СОВЕТ

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button