Жаңалықтар

ЛАТВИЯНЫҢ ҰЛТТЫҚ КҮНІ

 «ЭКСПО – 2017» көрмесінің аумағында Латвия Республикасының Ұлттық күні өтті. Мерекелік жиынды Латвия мемлекетінің Президенті Раймондс ВЕЙОНИС құттықтау сөзімен ашты.

Салтанатты шараға ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Асқар МАМИН, «Астана ЭКСПО-2017 ҰК» АҚ Басқарма төрағасы Ахметжан ЕСІМОВ және басқа да ресми өкілдер мен «ЭКСПО» қонақтары қатысты.

Латвия Республикасының Пре­зиденті Раймондс Вейонис «ЭКСПО – 2017» Көрмесін ұйым­дастырушыларға жүрекжарды ал­ғысын білдірді.

– «ЭКСПО – 2017» көрмесі Қа­зақстанның заманауи әлемдегі ролін тағы бір айшықтады.  Латвияның ЭКСПО-ға қатысуы біздің ел үшін маңызды оқиға болып табылады. Бұл Халықаралық шара Латвияны әлемге танытқысы келетін және елде қалған барлық біздің кәсіпорындарымыз үшін жаңа мүмкіндіктерге жол ашады, – деді Раймондс Вейонис.

Сонымен қатар, ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Асқар Мамин Латвия мен Қазақстан арасында дипломатиялық қарым-қатынас орнағанына биыл 25 жыл толатынын тілге тиек етті. Екі ел арасындағы транзиттік мүмкіндіктерге де тоқталды.

Ұлттық күн аясында Латвия мемлекетінің музыканттары арнайы концерттік бағдарлама дайындап, ел мәдениетімен таныстырды. Атап айтсақ, джаз стиліндегі әнші, музыкант және композитор Интарс Бусулис, танымал квинтент Марис Бриежкалнс пен аты аңызға айналған маэстро Раймонд Паулс өз өнерлерін паш етті.

Мерекелік шарадан соң, Латвия Республикасының Президенті Раймондс Вейонис бастаған делегация Қазақстан және Латвия Республикаларының павильондарын аралап көрді.

Қуаныш Аманқұлов.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button