Жаңалықтар

Лайықты құрмет

          800_29f209a63191ddd3249abf72d67028b9Облыс әкімі Ерлан ҚОШАНОВ мемлекеттік қызметшілерді төсбелгілермен және Құрмет грамоталарымен марапаттады.

Ерлан Қошанов өз әріптестерін Мемлекеттік қызметшілер күні мерекесімен құттықтап, оларға төсбелгілер мен Құрмет грамоталарын табыс етті.

– Менің командам мықты. Қарағанды облысының әкімі қызметіне келгеніме үш ай уақыт болса да, біз көптеген жұмыстар атқардық, – деді Ерлан Қошанов. – Мұның бәрі – Сіздердің қолдауларыңыз бен кәсіби шеберліктеріңіздің жемісі. Мен жасырмаймын, кадрлық өзгертулер болады. Алайда, бүгінгі қызметшілердің біразы өз орнында қалады. Сіздер – өз істеріңіздің шеберлерісіздер.

Сонымен, «Үздік мемлекеттік қызметші» төсбелгісімен Абай ауданы әкімінің орынбасары Әсем Жүніспекова, мемлекеттік активтер басқармасының басшысы Мұрат Кәдеков, облыс әкімі аппараты бөлімінің басшысы Евгений Русаков, ветеринария басқармасы басшысының орынбасары Қайырбек Тұрсынбеков пен Шахтинск әкімі аппаратының басшысы Наталья Циолковская марапатталды.

Облыстың қоғамдық-саяси өміріне белсенді қатысқаны үшін еңбек ардагері Раиса Нүркеева Құрмет грамотасымен марапатталды.

Тағы сегіз адам облыс әкімінің Алғыс хатына ие болды.

 

Облыс әкімінің  баспасөз қызметі.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button