Руханият

Құлақ құрышын қандырды

М.Әуезов атындағы орталық қалалық кітапханада Арқа күйшілік мектебінің бірегей өкілі, белгілі күйші Мағауия Хамзиннің 90 жылдығына арналған кеш өтті.

Аталған кітапхананың өлкетану бөлімінің меңгерушісі Гүлайым Жылтыбаеваның ұйымдастыруымен өткен кешке «Күй керуен» облыстық шертпе күй орталығының күйшілері қатысып, М.Хамзин шығармашылығын орындады. Дәулескер домбырашы һәм күйшінің өмірі мен шығармашылығын паш еткен шарада аталған шертпе күй орталығының жетекшісі Қайролла Садуақасов, М.Хамзиннің інісі Данелия Хамзин, жергілікті күйшілер – Қалкен Қасымов, Әнет Сепбосынов, Манап Анықбеков аудиторияны күй-құдіреттің әуеніне бөледі. Данелия Хамзин күйші ағасының біз білмейтін қырларынан әңгіме өрбітті. Қазақ Ұлттық Өнер университетінің магистранты Манап Анықбеков Мағауия Хамзиннің «Жайлау» күйін шалқытты. Сондай-ақ, Тәттімбеттің «Бес төресі», Әшімтайдың «Қоңыр қаз» күйлері шертіліп, көрермендердің құлақ құрышын қандырды.

Жәнібек ӘЛИМАН

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button