Приозерск

Коворкинг орталығы ашылады

Президент Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ жариялаған Жастар жылына орай, Приозерск қаласындағы «Достық» балалар-жасөспірімдер шығармашылық орталығында «Жастар жылы: Қолдау. Сенім. Мүмкіндік» атты форум ұйымдастырылды.

Көрнекі сурет
@Сурет интернеттен алынды

Салтанатты шараға қала әкімі Қайрат Қамзин, аталған орталық шәкірттері, жас спортшылар, қаланың белсенді жастары, жас әскери-патриоттық клуб мүшелері және түрлі саладағы жас мамандар қатысты.

Форум қала әкімінің құттықтау сөзімен ашылды. Қ.Қамзин «Жастар жылы» аясында ұйымдастырылатын іс-шаралармен таныстырып, шаһардың шығармашыл, дарынды, белсенді, өзге де санаттағы жастарының басын қосатын коворкинг орталығы ашылатынын айтты. Жағымды жаңалықты қала жұртшылығы ыстық ықыласпен қабылдады. Сондай-ақ, қала әкімі «Ең жас отбасы» аталымының жеңімпазы мен «Нұр Отан» партиясының ең жас мүшесіне сыйлық табыстап, жақында өмірге келген сәбидің әкесіне туу туралы куәлік тапсырды.

Шара барысында қаланың жастар саясатын дамытуға үлес қосқан азаматтарға Алғыс хаттар табысталды. Форум өңірдің өнерлі жастары әзірлеген әуенді-сазды бағдарламаға ұласып, Приозерск жастарының Әнұранымен түйінделді.

Қуаныш АМАНҚҰЛОВ

Басқа материалдар

Back to top button