Коронавирус

Коронавирус жұқтырған қарағандылықтардың денсаулық жағдайы белгілі болды

21 наурыз сағат 11:00-дегі жағдай бойынша облыс аумағында коронавирус жұқтырудың жаңа оқиғалары тіркелген жоқ. Бұл туралы Аймақтық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында Тауарлар мен көрсетілетін қызметтер сапасын бақылау департаментінің басшысы Қанат Асқаров айтты.

  • Сырқатқа шалдыққан екі науқастың жағдайы қанағаттанарлық. Денсаулықтарында қандай да бір асқыну белгілері байқалмайды.  Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы аумағында індеттен өлім-жітім болмағанын да айта кеткен жөн. Тұрғындарды жел сөзге емес ресми мәлімдемелерге ғана сенуге шақырамын, – деді Қанат Асқаров.

Сонымен қатар, департамент басшысы тұрғындарды мереке кезінде сақтық шараларын барынша қатаң сақтауға шақырды. Әсіресе, туыс-туғанның үйіне барудан, жиын-той мен көпшілік шоғырланған жерлерден тиылу қажеттігін атап өтті. Бұдан бөлек, туристік сапарлардан да бас тарту қажеттігін еске салды.

  • Біз вируспен «Қозғалыс неғұрлым аз болса, соғұрлым таралу ауқымы да азаяды» деген ұранмен күресеміз. Сырқатқа шалдыққандардың арасында коронавирус қаупі жоғары елдерден келген азаматтар бар. Олар Денсаулық сақтау министрлігінің ескертуіне құлақ аспады. Сондықтан да, туристік бағыттардың арзан бағасына қызығып, өз өмірлеріңізді қауіп-қатерге тікпеуге шақырамын, – деп атап өтті Қанат Қырғызбайұлы.

Басқа материалдар

Back to top button