Конституция – еліміздің басты заңы

     М.Әуезов атындағы орталық қалалық кітапханада  ҚР Конституция күніне арналған «Конституция – еліміздің басты заңы» атты құқықтық калейдоскоп өткізілді.

 

Іс-шараға Қарағанды медицина университетінің шетелдік студенттері қатысты.

Шараның мақсаты – Конституция ұғымы, тараулары, қабылдануы, қазіргі кездегі қолданысы жөнінде түсіндіре отырып, бүгінгі өмірмен байланыстыра білу, Заңда белгіленген барлық тұжырым, қағидалар өмірдің барлық салаларын өркениетті заң жүзінде ақпарат беру болды.

Шара Әнұранмен ашылып, қызмет көрсету бөлімінің қызметкерлері А.Көшербаева мен  М.Закирова Ата Заңымыз туралы тарихқа үңіле отырып, екі тілде толық ақпарат берді. Оқырмандарға аудармашының көмегімен сұрақтар қойылып, тақырып бойынша сөзжұмбақтар шешілді. Бейнеролик көрсетіліп, патриоттық әндер тыңдалды, кітап көрмесіне шолу жасалды. Шараға келушілер Ата Заң жайлы әдеби кітаптармен, газет-журналдармен танысты.

 

Айзада СЕРІКҚЫЗЫ,

кітапханашы.

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.