Кітаптан киіз үй тұрғызылды
М.Әуезов атындағы қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі №1 жасөспірімдер филиалы мен облыстық Жамбыл атындағы мамандандырылған мектеп-интернатын жалғап тұрған «Жалын.Zas STAR» жасөспірімдер клубы мүшелері әдеби-сазды кеш өткізді. Тақырып – «Киіз үй, ет, астау, шапан туралы не білеміз?».
Кештің жаңалығы – 185 кітаптан тұрғызылған киіз үй кітап инсталляциясы. Кітапхана ұжымы жаңа жыл тойына облыстық Сәкен театры мен филармонияның әртісі Төлеухан Тутанов пен кітапхананың тұрақты оқырманы Гаухар Мырзағалиеваны арнайы шақырыпты. Қазақстанның салт-дәстүріне қызығушылық танытып жүрген Джон атты өзге ұлт өкілі ғаламтордан біздің кітапхананы таңдап, Наурыз мерекесіне тап болып, қазақ халқының көпшілдігінің көрінісіндей Наурыз дастарқанына шақырылды.
Жамбыл атындағы мамандандырылған мектеп-интернаттың дарынды оқушылары Гаухар апайларына көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойды: Ұзынсары – көктемгі күн мен түннің теңелуінен кейінгі күннің ұзара бастайтын уақыты. Қыстың суық ызғары кетіп, жер-дүние жаңарады. Жылдың бұл мезгілін «көкөзек шақ» деп те атайды. Әжелеріміз бен аналарымыз «ұзынсарыға» деп,сүрленген соғымның етін сақтап қояды. Ал, қабақ сындыру дегеніміз: «Сүт көп, көмір аз. Жаңа жыл жарылқа ,
Ескі жыл есірке», — деп үйдегі ескі ыдысты (қабақты ) сындырып, «қабақ сынды, қайғы кетті», – деп ырым жасаған. 185 кітаптан арнайы тұрғызылған киіз үй инсталляциясы туралы кітапханашы Махаббат Саменова айтып берді. Қазақтың халық әндері шырқалды. «Жалын.Zas STAR» жасөспірімдер клубының мүшелері бір-бірін құттықтап, қыздарымыз ұлдарға «Ұйқыашар», ал, қыздарымыз ұлдарға «Селтеткізер» сыйлықтарын берді.
Өз тілшімізден.