Руханият

Кітап оқы, ерінбе!

   Қалалық №74 жалпы білім беретін орта мектебінде «Бір аймақ – бір кітап» облыстық акциясы өтті. Шара барысында мектеп ұстаздары ұлттық әдебиетіміздегі үздік туындыларды насихаттады.

Семинардың ашылу салтанатында мектеп директоры Нұргүл Нұртаева: «Оқу үдерісін ілгерілетуде рухани мұраны сақтау мақсатымыз. Сондай- ақ, жас ұрпақты отаншылдық пен өнегелілікке тәрбиелеу – біздің мектеп ұстаздарының басты бағыты», – деп атап өтті.

Жиынға жалпы облыс және қалалық мектептерден 56 ұстаз қатысып, оқушылардың отандық әдебиетке, оның ішінде классикалық шығармаларға, қазіргі әдебиет пен поэзияға қызығушылығын арттырды. Ұлттық мәдениет пен заманауи өркениеттің бірден-бір байлығы – кітапты насихаттады.

Облыстық білім беру департаментінің оқыту әдістемелік орталығының әдіскері К.Сүлейменова, ҚББ әдіскері Г.Аймағамбетова сөз кезегін алды. Ашылу салтанатынан кейін сыныптан тыс шаралар жалғасын тапты. Әр сыныптар бойынша Ы.Алтынсарин әңгімелері, Б.Соқпақпаевтың «Балалық шаққа саяхат» повесі, Б.Момышұлының «Ұшқан ұя», Д.Исабековтің «Гаухар тас» повесі талқыланды. Мерекелік шараның үшінші кезеңінде «Қазақ әдебиетінің классиктері» атты көрмені мектеп кітапхананашылары Ғ.Қалмағамбетова, И.Демченко, қазақ тілі және әдебиетінің мұғалімдері А.Жетпісбаева, Т.Аманжолова Ж. Бектұров атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханашыларымен бірлесіп өткізді. Төртінші кезеңде қалалық №66, №77 мектеп және Абай атындағы №1 қосымша білім беру мектеп-орталығының ұстаздары өзара тәжірибе алмасты. «Кітап – сарқылмас рухани қазына» қорытынды әдеби-сазды кеші мәресіне жетіп, акция бойынша жиналған кітаптар семинар қатысушыларына бұйырды. Марапаттау кезеңінде семинарды ұйымдастырған және тәжірибе алмасқан ұстаздарға қалалық білім бөлімі Алғыс хат табыстады.

Аяулым СОВЕТ

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button