АймақТеміртау

«Кешікпей келем деп ең…»

Тақырып ақырып тұрғанмен, жаза берсе жөні, айта берсе шешімі болады деген ой – біздікі. Кешеден бастап Теміртау қаласындағы №2 автобус маршрутының қозғалыс кестесі жаңарады екен. Енді маршрут бекітілген және тасымалдаушымен жасалған шартқа сәйкес жұмыс атқарады. Бұрын №2 маршрут сынақ режимінде жұмыс істеген.

Сурет: fotobus.msk.ru сайтынан

Бұл туралы ақпарат қала әкімдігінің Instagram-парақшасында жарияланды. Бұл жерде тек қозғалыс кестесі ғана емес, жұмыс кестесі де жаңарған.

«Құрметті тұрғындар, №2 автобус маршруты жаңа кесте мен қозғалыс сызбасы бойынша жұмыс істейді. Тасымалдаушысы – «Қала көлік» ЖШС. Жұмыс уақыты: күн сайын, сағат 7.00-ден 19.30-ға дейін. Қозғалыс аралығы – 15 минут. Тоқтау уақыты сағат 10.00-ден 12.00-ге дейін және сағат 15.00-ден 16.00-ге дейін» – делінген әкімдік парақшасында.

Аталған маршрут қозғалысы жалпы білім беретін №1 мектептен бастап, Мұстафин, Байғазиев және Республика даңғылы арқылы №7 мектепке дейін жалғайды. Кейін Панфилов көшесі арқылы бұрылып, қозғалысы бастау алған жерге қайтады.

Сонымен қатар, оң жағалау мен Ескі қала арасында қатынап, екі ортадағы мектептердің бәріне аялдайды.

Қала жұртында автобус маршруттарының мәселесі бұрыннан бар. Осыған дейін теміртаулықтар маршрутқа қарсылық білдіріп келіп еді. Олай дейтініміз, жергілікті пабликтер арқылы тұрғындар автобус­тардың уақытылы жүрмейтінін, оның жарты сағатқа кешігіп келетіні, жұмысқа үлгермейтінін үнемі жазып, әрқашан айтып келді. Трамвайсыз қалған халықтың мәселесін «Автотрам» автобустары біраз жеңілдеткен. Ол «Автотрам» теміртаулықтардың тынымсыз тірлігіндегі шешуші тетігі, тарихы болған трамвайдың жоғын жоқтатпай, қаларалық қатынасты қалыпқа келтіріп, қаланың бір шетінен бір шетіне жетуін оңайлата түскен, тіпті, тегін тасыған. Оның өзін былтырғы күзден бері 10-нан 5-ке дейін қысқартып, таңертең, кешке «Qarmet» жұмысшыларын ғана тасымалдайтын қылды.

Айтпағымыз, осындай қордаланған мәселелерді, келеңсіздіктерді автобус маршруттарын жиілету арқылы, көбейту арқылы қала халқының қамын қапысыз ұғатын билік қалыпқа келтіреді деп ойлаймыз.

Әділет ШОПЕН,
Теміртау

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button