Кенесарының үні, Әлиханның мұңы

Елдік пен теңдікті, бірлік пен тұрақтылықты ала келген Тәуелсіздік – басты байлығымыз. Басымызға бақ болған Тәуелсіздікке биыл 25 жыл толып отыр. Осынау Тәуелсіздіктің арайлы таңында, талайлы тағдырды еске түсіреміз. Ж.Молдағалиевше айтсақ, «Мың өліп, мың тірілген» қазақпыз. Еліміздің өмір жолында «ақтабан шұбырынды, алқакөл сұлама», 30-жылдардағы ашаршылық, 37-жылдардағы арыстарымызды атып, темір торға тоғытып, жер аударған нәубет, 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан Соғысы, Желтоқсан көтерілісі – Тәуелсіздіктің құны, кешегі қазақтың соңғы ханы Кенесарының үні, Алаш көсемі Әлиханның мұңы.

Бұл біреулерге жай ғана тарих болар. Парқын білгенге Тәуелсіздік – қастерлі киеміз, алтын бесігіміз. Елбасымыздың Мәңгілік ел жолындағы бастамасын азат елдің басты құжатына балағанымызда осыдан. Өйткені, көреген Көшбасшымыз еркіндіктің оңайлықпен келмегендігін кеңінен қамтып, терең талдауға үндеуі үзіліп кеткен үндестікті қайта жалғауға жасалған жарқын қадам деп түйгеніміз абзал.
Біз Тәуелсіздіктің туын көтергенде, көшімізді қалай түзейміз деген күдік те мол болған. Себебі, ол кезде, экономика құлдырап, жұмыссыздық көбейіп екі қолға бір күрек таппай қалған шақ еді. Бірақ, біздің қайсар еліміз дербестік алған соң діңгегін мықтап, қадасын нықтады. Көп ұзамай мемлекет тарапынан ашық, әділ, мөлдір және бәсекелі міндеттер тұрғандығына көзіміз жетті. Әлемдік экономикалық тұрақсыздығы мен дағдарыстың жаңа толқынының ықтималдығы Қазақстан үшін қорқынышты болмады. Қазақстан алға қойған бағытынан жаңылмай әр істерін нық сеніммен бастау – кезек күттірмес мәселе екендігін түсінді. Нақты бағдарламалар халқымыздың игілігіне арналды. Сол бағыттардың ішінде білім, денсаулық, жұмыссыздықты қысқарту, үймен қамтамасыз ету мәселелерін шешу жолдары қолға алынды. Мұның барлығы Қазақстанның қуатты, тұрақты, мықты мемлекет болуға және өзінің инновациялық бағытын жалғастыруға серпін берді. Халықтың әл-ауқатының артуы, болашаққа бойы мен ойын түзеген жұрттың жүгін жеңілдетті. Елімізді қазіргі таңда бүкіл жер -жаһан таниды. Аз жылдың ішінде Астанамыз әлемнің ең сұлу қалаларының қатарына қосылды. Бұдан бөлек қалаларымыз көркейіп дамуда. Мұның барлығы Тәуелсіздіктің арқасы екендігі ақиқат. Біздің бүгінгі бет бұрып отырған жастарымыз да білімді, саналы болу, халқымыздың санын көбейту, адамдардың денсаулығын жақсарту, салауатты өмір салтын қолдау сияқты ұстанымымыз – Мәңгілік елдің мұраты. Сондықтан да, әрбір азамат мемлекетімізді құрметтеп оның дамуына кедергі келтірмей, мемлекетке кері әсер ететін қадамдарға бармайтын елін сүйген нағыз патриот болуымыз тиіс. Ғасырларға жалғасқан бодандық – келмес күн болып артымызда қалды. Еркін елдің ертеңі – даңғыл. Жетесіне жеткізсек, Тәуелсіздік қасиетті ұғым бұл, жан-тәніңмен, ұғын біл.

Ардақ Мамбетова,
Жезқазған қалалық
қазынашылық басқармасының бас маман-бас
қазынашысы.

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.