Жаңалықтар

Келешек даму жолында

              Бейсенбі күні облыстық мәслихат хатшысы Серік ӨТЕШОВТІҢ төрағалығымен облыстық мәслихаттың кезектен тыс XII сессиясы өтті. Сессия жұмысына облыс әкімінің бірінші орынбасары    Асылбек ДҮЙСЕБАЕВ, облыс­тық мәслихат депутаттары, мемлекеттік органдардың, облыстық басқармалар мен департаменттердің басшылары және бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері қатысты.

Сессия жұмысында мына мәселелер қаралды:

  1. Қарағанды облыстық мәслихатының 2016 жылғы 12 желтоқсандағы VI сессиясының «2017-2019 жылдарға арналған облыстық бюджеті туралы» №131 шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
  2. Қарағанды облысы бойынша тексеру комиссиясының төрағасы лауазымына тағайындау туралы.

Жоғарыда аталған бірінші мәселе, яғни, Қарағанды облыстық мәслихатының 2016 жылғы 12 желтоқсандағы VI сессиясының «2017-2019 жылдарға арналған облыстық бюджеті туралы» №131 шешіміне өзгерістер енгізу туралы айта кетер болсақ, 2017 жылға арналған облыстық бюджетке өзгерістер енгізу Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 106-шы бабына сәйкес жүргізіледі.

Сөйтіп, биылға арналған нақтыланған облыстық бюджет жобасында кірістер мен шығыстар бойынша өзгерістер ескерілді.

Түсімдер құрамында салықтық, салықтық емес түсімдер, негізгі капиталды сатудан түскен түсімдер және Қазақстан Республикасы заңнамасының өзгеруіне байланысты аудандар мен қалалардан міндетті медициналық сақтандыруға қайтару, «Жұмыспен қамту» бағдарламасы шеңберінде бөлінген бюджеттік кредиттерді мерзімінен бұрын өтеу, пайдаланылмаған нысаналы трансферттерді қайтару және нысаналы мақсатында қолданылмаған нысаналы трансферттерді қайтару қосымша ескеріледі. Айта кетерлік бір жайт – бұл ескерулер шығыстар құрамын қарау кезінде де ескерілді.

Сонымен қатар, Теміртау қаласының коммуналдық меншігінен облыстық деңгейге берілген спорт клубын күтіп-ұстауға жұмсалатын шығыстары, тұқым шаруашылығын қолдауға, мемлекеттік органдардың аппараттарын күтіп-ұстауға жұмсалатын шығыстары қосымша көзделді.

Облыстық бюджеттік бағдарламалардың жекелеген әкімшілері бойынша өткізілген мемлекеттік сатып алу қорытындылары негізінде үнемге байланысты қаржыландыруларды азайту және тәуекелдердің игерілмеуі ескерілді.

Сондай-ақ, облыстық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері бойынша бөлінген сомалар шегінде қаражатты қайта бөлу ескерілген. Аталған мәселе бойынша облыстың қаржы басқармасы басшысының орынбасары Людмила Башарина баяндама жасады.

– Бүгін сіздердің назарларыңызға 2017 жылға арналған нақтыланған облыстық бюджеттің жобасын ұсынамыз, – деп бастады сөзін баяндамашы. Жобада жыл бойынша облыстық бюджеттің күтілетін нәтижелері қарастырылған қорытындылары есепке алынған.

Облыстық бюджеттің өзіндік кірістері бюджеттің қарастырылған көлемінің шегінде, биылғы жыл бойынша келіп түсулердің күтілетін бағасына сәйкес келтірілген.

Бұл жерде салықтық емес түсімдер жер қойнауын пайдаланушылармен жасалған 8 келісім-шарттың бұзылуына байланысты 241 млн. теңгеге азайған.

Шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру мен мерзімін ұзарту үшін жинақ төлемі өңір бюджетінде жүргізілетініне байланысты салықтық түсім 141 млн. теңгеге азайған. Ал, 2017 жылға арналған бюджетті қалыптастыру кезінде аталған түсімдер облыстық бюджетке жоспарланған болатын.

Жеке кіріс салығы және әлеуметтік салықтар бойынша реттелетін салықтар 25 млн. теңгеге азайған. Жыл қорытындысында жоспарлық көрсеткіштердің қамтамасыз етілмеуіне байланысты Қарқаралы және Шет аудандарында көрсеткіш кеміген.

Жалпы алғанда, түсімдер 406 млн. теңгеге артқан. Оның ішінде, осы жылдың 30 қарашасындағы жағдайға сәйкес, әкімшілік айыппұлдар 334 млн. теңгеге, негізгі капиталды сату бойынша 72 млн. теңгеге  (Қарағанды және Теміртау қалаларындағы 2 емхананы, Абай көпсалалық колледжі мен ІІД автокөліктерін сатудың кепілдік жарналары), уақытша еркін бюджет қаражатын депозитке орналастырудан алынған сыйақылар арқылы  0,5 млн. теңгеге артқан. Сонымен қатар, облыстық бюджет түсімдерінде 679 млн. теңге сомасына облыстың қала және аудандарынан қайтарымдар да қарастырылған. Қазақстан Республикасының заңнамасындағы өзгерістерге байланысты 278 млн. теңге сомасына міндетті медициналық сақтандыруға байланысты шығындар қайтарылған. Міндетті медициналық сақтандыру бойынша аудару пайызы ағымдағы жылда 2 пайыздан 1 пайызға дейін азайған.

2016 жылы республикалық бюджеттен бөлінген пайдаланылмаған және 2017 жылы қайта пайдалануға рұқсат етілген 110 млн. теңгеге мақсатты трансферттер, мақсатты тағайындалымы бойынша пайдаланылмаған, Балқаш, Жезқазған және Қарағанды қалалары бойынша 62 млн.теңге сомасына бұрын республикалық бюджеттен бөлінген мақсатты трансферттер кері қайтты.

Сондай-ақ, түсімдерде 228 млн. теңге сомасында «Ауыл шаруашылығын қаржылық қолдау  қоры» АҚ-нан 2013-2014 жылдар кезеңіне «Жұмыспен қамту – 2020» бағдарламасы аясында республикалық бюджеттен бөлінген бюджеттік несиені мерзімінен бұрын өтеу де қарастырылған.

Толықтай алғанда жыл соңындағы облыстық бюджет түсімі қайтарылатын қаражат сомасына немесе 679 млн. теңгеге артады.

Шығындардың артуына келсек… Бюджеттік заңнамаға сәйкес, республикалық бюджетке бюджеттік қаражатты қайтаруға қаржы басқармасы бойынша қосымша ұсталған шығындардың ішіндегі ең үлкен көлемі – 1,3 млрд. теңге немесе 74 пайыз.

Мұнда 351 млн. теңге – міндетті медициналық сақтандыруға жіберілген шығындар. Жоғарыда айтқанымыздай, заңнаманың өзгеруіне байланысты, өңірлер бойынша – 278 млн. теңге және облыстық бюджет бойынша – 73,3 млн. теңге. Сондай-ақ, 228 млн. теңге – «Ауыл шаруашылығын қаржылық қолдау  қоры» АҚ-нан бюджеттік несиелерді мерзімінен бұрын өтеуге бағытталды. 685 млн. теңге – пайдаланылмаған және толық пайдаланылмаған мақсатты трансферттерге тиесілі. Оның ішінде, 20,6 млн. теңге – несиелер бойынша сыйақылар мөлшерлемесін субсидиялау, технологиялық жабдық пен ауыл шаруашылығы техникасын лизингтеу бойынша пайдаланылмаған мақсатты трансферттерді қайтару және 664,5 млн. теңге – соттың істі қарауына байланысты пайдаланылмаған мақсатты трансферттерді қайтару (83 пайыз). 62 млн. теңге – республикалық бюджеттен бөлінген және мақсатты тағайындалымы бойынша пайдаланылмаған мақсатты трансферттер.

Қарастырылған қосымша шығындар да бар. Ауыл шаруашылығы бойынша 424,3 млн. теңгеге ағымдағы жылы субсидиялаудың жаңа шарттарының енгізілуіне байланысты шығымдылық және басқа шаруашылық-құнды белгілері бойынша үздік көрсеткіштерге ие сорттар мен гибридтер тұқымдарын сатып алудың басым тәртібінде субсидиялау, дене тәрбиесі және спорт басқармасы бойынша ағымдағы жылдың желтоқсан айында Теміртау қаласының коммуналдық меншігінен облыстық коммуналдық меншікке берілген «Теміртау» спорт клубының 4 нысанын ұстап тұру үшін 26,4 млн. теңге  (шығындар жалақы төлеуге, коммуналдық қызметтер мен әскерилендірілген күзет төлеміне бағытталған), облыстық басқарманың алты аппаратын ұстап тұру, кеңсе тауарларын алу, ұйымдастыру техникасына қызмет көрсету, іссапарлар және тағы да басқа шығындар үшін жұмсалған.

Сонымен бірге, бюджеттік бағдарлама әкімшілерінің ұсынған ұсыныстары бойынша шығындар азайтылады. Яғни, 1,3 млрд. теңгеге (47 пайызы сот ісін қараудан тұрады, 23 пайызы жұмыс түрлерінің өзгеруіне байланысты жобалық-сметалық құжаттарды түзету қажеттілігінен және 30 пайызы жыл бойына күтілетін орындалуларға байланысты) кемиді. Мемлекеттік сатып алулар қорытындысы бойынша қалыптасқан экономика есебінен 0,5 млрд. теңгеге, жергілікті атқарушы орган параметрлерінің өзгерістері есебінен 0,1 млрд. теңгеге төмендейді.

Бюджеттің кіріс және шығыс бөлігі бойынша барлық өзгерістерді есепке ала отырып, 771 млн. теңге еркін қалдықта жинақталатын болады және әрі қарай 2018 жылдың бюджетін нақтылау кезінде бөлінетін болады.

Облыстық бюджетте ағымдағы жылдың 16 қарашасындағы облыстық бюджетте нақтыланған түзетудегі 1,6 млн. теңге сомасына ағымдағы жылдың қарашасында республикалық бюджеттен бөлінген мақсатты ағымдағы трасферттер, дамытуға және бюджеттік несиелерді дамытуға арналған трансферттер бойынша өзгерістер қарастырылды.

Республикалық бюджеттен қосымша 6 млрд. теңге сомасында қаражат бөлінді. Олардың ішінде, ағымдық шығындар  – 3,8 млрд. теңге, даму бюджеті  – 2,2 млрд. теңге.

Асыл тұқымды мал шаруашылығын субсидиялауға шығындар қосымша қолдауға ие болды. Инвестициялық жобалар кезіндегі агроөнеркәсіп кешенінің субъектілеріне келтірілген шығындардың бөлігі өтелді. Ішкі істер органдары қызметкерлерінің лауазымдық еңбекақылары көтерілді. Дәрі-дәрмек сатып алынды. Сәтбаев қаласының құлаған аймағындағы тұрғындарды қоныстандыру үшін тұрғын үйлер мен жатақханалар құрылысы, Сәтбаев қаласындағы тұрғын үйлердің және кварталаралық инженерлік желілер құрылысы, білім беру нысандарын  салу, Қарқаралы ауданындағы көпірді қайта құру және тағы басқалары бар.

Мемлекеттік сатып алулар қорытындылары және жобалық-сметалық құжаттаманы түзету қорытындылары бойынша мақсатты ағымдағы трансферттер, дамыту мен бюджеттік несиелерге трансферттер 4,4 млрд. теңгеге азайтылады.

Облыстық бюджет жобасында Қарағанды облысының жергілікті мемлекеттік басқару құрылымының өзгеруіне байланысты бюджеттік бағдарламалар әкімшілері бойынша шығындарды беру есепке алынған. Яғни, бұған дейін құрылыс басқармасы бойынша көзделген шығындар құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасына ауыстырылады. Соған сәйкес, тузетуге кірген басқа да мекемелердің шығындары да ауыстырылады. Аталған өзгерістер бюджетте көзделген қаражат көлемінде жүргізілген.

Мәслихат комиссиясының редакциясына нақтыланған облыстық бюджет жобасына өзгерістер енгізу қажеттілігі туралы хат ұсынылды. Бүгінгі таңда осыған дейін қарастыруға ұсынылған материалдан ауытқыған сома көлемі 175 млн. теңгені құрады. Мұнда 170 млн. теңге – жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы бойынша, 1,9 млн. теңге – құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы бойынша, 1,4 млн. теңге – дене тәрбиесі және спорт басқармасы бойынша, 1 млн. теңге – мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы бойынша, 0,5 млн. теңге – энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасы бойынша.

Барлық өзгерістер нәтижесінде, облыстық бюджетке кірістер – 209 млрд. теңге, шығындар – 208 млрд. теңге, таза бюджеттік несиелеу  – 15 млрд. теңге, қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо –  «-»  0,1 млрд. теңге, бюджет тапшылығы  – «-»  14 млрд. теңге, бюджет тапшылығын қаржыландыру – 14 млрд. теңгені құрады.

Өз кезегінде, депутаттар 2017-2019 жылға арналған облыстық бюджет жобасына қолдау білдірді.

Күн тәртібіндегі келесі мәселе бойынша Серік Өтешов Президент Аппаратының келісімімен Республикалық Есеп комитетінің тексеру комиссиясы ұсынған Қарағанды облысы бойынша тексеру комиссиясының төрағасы лауазымына үміткер Аян Болатұлы Әбдікәрімовті таныстырды. Жаңа төрағаның лауазымы депутаттарды қанағаттандырды.

 

Рауан ҚАБИДОЛДИН,

Нұрқанат ҚАНАФИН.

 

Суреттерді түсірген Д.КУЗМИЧЕВ.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button