Рухани жаңғыру

Кедергілерден құтыламыз

2012 жылдың өзінде-ақ еліміз үшін елеулі қадам – латын әліпбиіне ауысу мәселесі белгілі болған еді. Міне, арада 5 жыл мерзім өтті. Дегенмен, осы жылдар аралығында «жабулы қазан жабулы күйінде қалып», бұл мәселе қозғалмаған еді. Алайда, Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы – бес жыл бұрын айтылған ойдың орындалар шағы келгенін жеткізді. Сөйтіп, Президент Нұрсұлтан Назарбаев тарихи қадам жасады.

Технологияға күн санап күрделі өзгеріс еніп жатқан 21 ғасыр ұрпағы үшін латын қарпіне ауысу – ауадай қажет еді. Ақпарат айдынына, ғылыми жаңалықтарға шолу жасау үшін де латын әліпбиін меңгерген артық болмайтыны белгілі. Ал, еліміз байырғы қаріптен бас тартып, түбегейлі латын әліпбиіне ауысар болса – біз бұл кедергілерден құтыларымыз сөзсіз. Медицина, технология, тіл білімі салаларында латын әліпбиі күн сайын алдымыздан шығады. Сондықтан, қаріптің ауысуы – Қазақстанды дамытады дегенге толық сеніммен қараймын.

Менің ойымша, Елбасы ұстанған ерекше саясаттың үлгісі елімізді жарқын болашаққа жетелейді. Ал, соның бір дәлелі – латын әліпбиіне ауысуымыз болмақ.

 

В.САРАНЧУКОВА,

«Взгляд молодых» ҚБ

басшысы.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button