Көтерген жүк – өтелген еңбек
Жуырда «Достық үйі» ғимаратында ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаменті БАҚ өкілдері арасындағы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы үздік жарияланым» байқауының жеңімпаздарын анықтады. Марапат иелерінің қатарында әріптесіміз, газеттің жауапты хатшысы Қуаныш АМАНҚҰЛОВ бар. Департамент басшысы Жандос СӘРСЕНОВТІҢ игі бастамасынан байқағанымыздай, еңбектің еленгені – шығармашылыққа тың серпін әкелері сөзсіз.
Аталмыш іс-шарада «Адал және сатылмайтын еңбектің бейнесі», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет» тақырыптарында өткізілген суреттер байқауының, сондай-ақ, «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының кәсіби мемлекеттік аппаратты қалыптастыру бойынша І институционалдық реформасының үздік жарияланымы» байқауының жеңімпаздары да марапатқа ие болды.
Сонымен қатар, байқау қорытындылары бойынша ЖОО студенттері сыбайлас жемқорлыққа қарсы үздік бейнеролик және «вайн» әзірлегендері үшін, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруда нәтижелі ынтымақтастық және белсенді азаматтық ұстаным ұстанғаны үшін қоғамдық ұйымдардың басшылары да назардан тыс қалған жоқ.
Мұнымен қоса, алғыс хаттармен облысымыздың мемлекеттік қызметшілері де марапатталды.
Салтанатты жиын соңы Қарағанды қаласы өнерпаздарының ән-би қойылымдарына және КТК командасының өнер көрсетуіне ұласты.
Мирас АСАН