Кәсіпкерлікке – кең өріс
«ҚазСтИн» РМК Қарағанды филиалының ұйымдастыруымен Қарағанды қаласының кәсіпкерлеріне «Техникалық реттеу саласында метрология және сапа менеджменті бойынша қызметкерлерді даярлау және біліктілігін арттыру» тақырыбы бойынша тегін оқыту семинары өткізілді.
Дәстүрлі шара мемлекеттік бағдарлама аясында Қазақстанның индустриялық-инновациялық дамуының 2015-2019 жылдарға арналған Кешенді жоспарын жетілдіруді көздейді.
Мақсат – қызметкерлердің кәсіби білім деңгейін жетілдіру, қызметкерлердің түрлі деңгейдегі білімдерін арттыру (қарапайым мамандар, инженерлер мен менеджерлер үшін), Қазақстанның техникалық реттеу саласындағы өнеркәсіптік ұйымдарының метрология және сапа менеджменті бойынша халықаралық стандарттар талаптарына сәйкес болуын қамтамасыз ету.
Семинарға түсті металл және басқа да өнеркәсіп саласындағы мамандар қатысты. Осы семинарда созылған жоғары мамандар мен эксперт-аудиторлар әр салада маңызды тақырыптарға тоқталып өтті. Үш күнге созылған семинарда қатысушыларға кофе-брейк ұйымдастырылды. Және де қатысушылардың сұрақтарына жауаптар берілді.
Семинар соңында қатысушыларға сертификаттар табыс етілді.
«ҚазСтИн» РМК Қарағанды филиалы.