Кәсіпкерлік көркеюде
Приозерск шаһарында кәсіпкерлік айтарлықтай дамып келеді. Бұл бағытта мемлекеттік бағдарламалардың көмегі көптеп тиюде. Десек те, өз қаражатымен бизнесін кеңейтіп жатқандар да баршылық.
Приозерск қаласы әкімінің баспасөз қызметі хабарлағандай, жақында қалада тағы бір сауда орталығы бой көтерді. «Айгүл» атты жаңа орталықта он сауда және бір қызмет көрсету нүктесі орын тепкен. Жалпы ауданы – 320 шаршы метр. Мұнда 11 адамды жұмыспен қамту көзделуде. Нысан құрылысына 18 млн. теңге қаржы жұмсалған.
Ашылу салтанатына шаһар басшысы Қайрат Қамзин қатысты.
– «Айгүл» сынды сауда үйлері қаламыздың көркеюіне өз үлесін қосары сөзсіз. Сонымен қатар, сауда үйінің ашылуы – қаламыздың экономикасының жылдан-жылға өркендеп, тұрғындардың әл-ауқатының жақсарып келе жатқанының көрсеткіші, – деді қала әкімі.
Нұрқанат ҚАНАФИН.
ПРИОЗЕРСК қаласы.