Жаңалықтар

Кәсіпкерлер кәдесі

Қарағанды қаласының Октябрь ауданында кәсіпкерлер «Барлығы балалар үшін!» атты акцияны бастады. Бизнесмендер өз қаражаттары есебінен аулаларды абаттандырып, балалар алаңын жабдықтауда.

«Восток-2» шағын ауданында «Жұлдызай» атты ойын кешені ашылды. «Ғасыр» гүл бағында қарағандылық зауытта өндірілген, түрлі-түсті пластиктен жасалған сырғанақтар орнатылды. Өндірушілердің сөзінше, бұл пластик қауіпсіз, ол тіпті азық-түлік өндірісінде де қолданылады, одан аллергия болмайды. Мұндай сыйға жергілікті балалар мәз.

– Әрбір кәсіпкер өз мүмкіндігінше қаланы көркейтуге, әсіресе балаларды қуантуға өз үлесін қосуы тиіс. Балалар – біздің болашағымыз. Еліміздің болашағы солардың дұрыс тәрбие алуына байланысты болмақ, – деді «Ұмай» сауда үйінің директоры Болат Әубәкіров.

Бұл компания Октябрь ауданында осымен алтыншы ойын кешенін құруға көмектесіп отыр.

Өз тілшімізден.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button