Жаңалықтар

Көрмеден күтеріміз көп

2017 жыл табалдырықтан аттады. «ЭКСПО» жылы.

Әлемнің назары – Астанада! 156 күннен соң Қазақ елінің бас қаласында Халықаралық көрменің шымылдығы түріледі.

Осыдан бес жыл уақыт бұрын Астана шаһары «ЭКСПО-ны» өткізу мәртебесіне ие болды. Иә, мәртебе! Болашағы айқын елдің батыл қадамы! Содан бері тың жобалар қолға алынып, тұтастай қалашық бой көтерді. Заманауи үлгідегі. Баламалы энергия көзін пайдаланудағы озық тәжірибелер басшылыққа алынды.

Бес миллион адамның басын біріктіретін көрмеден күтілетін нә­ти­же мол.

Бүкіл әлем «Болашақтың энергиясын» бірге таңдайды. Елордамыз – Астанада!

Қуаныш АМАНҚҰЛОВ

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button