Жаңалықтар

Көрме миллионыншы көрерменін күтуде

     1 айдың ішінде «ЭКСПО – 2017» Халықаралық мамандандырылған көрмесін 920 мыңнан астам келуші тамашалады. Бұл туралы көрменің 1 айлық жұмысын қорытындылаған «Астана ЭКСПО – 2017» ұлттық компаниясының басқарушы директоры Бейбіт Қарымсақов мәлім етті.

«1 айдың ішінде көрмеге 921 293 адам келді. Біздің ертең түс ауа көрмеге миллионыншы келуші кіреді деп ойлап отырмыз. Халықаралық павильондарға кіріп-шығушылардың саны –  5 млн. 960 мың. Көрменің негізгі нысандарына кіріп-шығу саны 834 579 ретті, оның ішінде «Нұр әлем» павильонына кіріп-шығу 303 007 ретті құрап отыр»,– деді ол. Оның айтуынша, аталған уақыт ішінде көрмеге 160 мыңнан астам жеңілдетілген тарифпен адамдар кірді. Олар – 6 жасқа дейінгі балалар, мектеп оқушылары, студенттер, зейнеткерлер және мүгедектер. 409 700 адам еліміздің басқа өңірлерінен ұйымдастырылған топтармен келді. Оның ішінде – 17 700-і балалар. Келушілердің басым бөлігін Қарағанды, Ақмола, Павлодар облыстарының тұрғындары құрайды. «Біздің есеп бойынша көрмеге 130 мыңдай шетел азаматтары келді. Олар келушілердің 14 пайызын құрайды. Ресейден – 35 500, Германия­дан – 19 000, Қытай Халық Республикасынан – 11 500 адам келді», – деді Қарымсақов.

Өз тілшімізден.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button