Жаңалықтар

Кәріпбек картиналары – аукционда

Қанатымен су сепкен қарлығаштай туған жерінің түлеуіне үлес қосуды азаматтық парызы санаған Кәріпбек КҮЙІКОВ картиналарын аукционға шығарып, одан түскен қаржыны атамекенінің жолын жөндеуге жұмскуйиков -2амақ.

Суретші, АТОМ халықаралық жобасының құрметті елшісі, Семей ядролық полигонының салдарынан мүгедек болып туған Кәріпбек Күйіков  сөйтіп, Қарқаралы ауданы Егіндібұлақ ауылындағы көлік инфрақұрылымын жақсартуға өз үлесін қосуға бел буған.  «Мен Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы Егіндібұлақ ауылының тумасымын. 18 тамыз күні Қазақстан Қазыбек бидің 350 жылдығын атап өтеді. Салтанатты шаралар туған өлкем –  Егіндібұлақ ауданынан басталады. Бірақ онда шешімді қажет ететін проблемалар бастан асып жатыр», – дейді Кәріпбек Күйіков. Қыста Егіндібұлаққа жету қиын – жолды қар борап қалады. Оны ешкім тазаламайтындықтан ауыл тұрғындары апталап жолға шыға алмайды. Ал, жазда бұзылған жолмен жүру мүмкін емес.  «Жалпы, Егіндібұлақта күн кешуге және ауылды гүлдендіруге ешбір ресурс жоқ. Көлік жоқ, ауыл заман ағымынан қалып қойған. Қарағанды-Егіндібұлақ трассасы көктемгі су тасқыны салдарынан жыл сайын бұзылуда. Оны жөндеуге қаржы да, мүмкіндік те жоқ. Жалғыз жолмен адамдар үлкен қауіппен жүріп өтеді. Егіндібұлақ ауылының тумасы ретінде басынан бейнет кетпеген ауданымыз тұрғындары атынан инфрақұрылымның дамуына өз үлесімді қоссам ба деймін», – депті суретші. Қарқаралы ауданының әкімдігі арнайы шот ашып, жиналған қаражатты жолдарды жөндеуге жұмсауды көздеп отыр.

Өз тілшімізден.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button