Басты тақырыпРуханият

Көрікті мейрам шуағы

Жаңаарқа ауданының жұртшылығы Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамын жоғары деңгейде атап өтті. Шуақты мерекеде шат-шадыман күйге бөленген көпшілікті аудан əкімі Юржан БЕКҚОЖИН Наурыз мейрамымен құттықтап, игі тілегін білдірді.

Бақ пенен берекенің бастауы саналатын мейрамда аудан орталығындағы мерекелік шаралардың шымылдығы театрландырылған қойылыммен түрілді. Алаңдағы Қызыр бабаның ақ батасы наурыздың ажарын аша түсті.

Қыз бен жігіттің қалжың айтысы да астарлы әзілмен өрілді. Орталық алаңға он мыңнан астам халық жиналды. Сағынысып қауышқан жұртшылық салт-дәстүрге сай бір-біріне ілтипат білдіріп, амандасып жатты. Алаңға шаңырақтары көктегі күнмен шағылысқан ақ шаңқан 13 киіз үй тігілді.

Биылғы Наурыз ауыл шаруашылығы тауарлары жәрмеңкесін және қайырымдылық шараларын өткізумен ерекшеленді.

Мейрам қарсаңында тұрмысы төмен отбасыларға азық-түлік таратылды. Ал, жергілікті шаруалар берекелі шарада халықты құны арзан, табиғи таза өнімдерге қарық қылды. Сонымен қатар, спортсүйер қауым үшін мереке күні ұлттық спорт түрлерінен жарыстар ұйымдастырылды.

Индира АСАМИДАНОВА,

аудан әкімінің баспасөз

хатшысы.

ЖАҢААРҚА ауданы.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button