Жаңалықтар

Көптен күткен жеңіс

     «Шахтер» турнир кестесінің соңынан сытылып шықты. Премьер-Лига чемпионатының XVI турында «Атырауды» ұтқан жерлестеріміз 11-ші сатыға көтерілді.

Бұл ойынның қаһарманы Марко Станоевич болды. Жауапсыз екі гол соғып, дубльдің авторы атанды. Матчтың 1-ші минутында мергендігімен көзге түскен Марко ойын тәмамдалар тұста (87-ші минут) және бір мәрте қарсылас қақпасын бағындырды. 2:0.

Сөйтіп, қарағандылықтар қазір 12 ұпаймен 11-ші сатыда. «Атырау» 14 ұпаймен 9-шы сатыға тұрақтады. Көш соңында – «Ақтөбе». Ақтөбеліктер 9 ұпайды қанағат тұтуда. Ал, Премьер-Лига бәйгесін елордалық «Астана» бастап келеді. 39 ұпай. Екінші сатыдағы «Қайратта» – 37 ұпай. Шымкенттік «Ордабасыда» – 35 ұпай.

«Шахтердің» ендігі қарсыласы – қостанайлық «Тобыл». Кездесу 25 маусымда «Тобылдың» алаңында өтеді.

Нұрқанат ҚАНАФИН.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button