«Көп жасаған қария – ақылы теңіз дария»
1 қазан – Қарттар күні. Соғыс, тыл, еңбек ардагерлерін құрметтеу, сыйлау күні. Иә, олар – II Дүниежүзілік соғыс ардагерлері. Биылғы жылдың 9 мамырындағы мәлімет бойынша Қазақстанда 665 соғыс ардагері қалған екен. 2020 жылы ғана олардың саны 1025 еді. Ал, соғыс ардагерлеріне теңестірілген тұлғалар, соның ішінде, тыл еңбеккерлерінің саны 127 мыңнан 114 мың адамға дейін қысқарды. Уақыт бір орында тұрмайды. Бұл – табиғат заңы. Қасық қаны қалғанша жауды талқандаған, аман келіп еңбекке араласып, еңбеккер атанған аталарымызды ұмытпаймыз. Ұлықтаймыз!
Елімізде зейнеткерлер саны 2 млн. 243 мың адам. Бұл – 1 маусымдағы мәлімет. Одан бері көп уақыт өте қойған жоқ. Олай болса, осы кісілер еңбек көрігін қыздырып, еліміздің өркендеуіне үлес қосты. Оларға қашанда құрмет!
Мен қарапайым қарттарды сүйем,
He деген керім еді!
He біледі осы жұрт, не біледі?!
Бабалардың баласы – қариялар
Сиреп бара жатқандай көрінеді.
Сақалыңнан айналдым, қарт-бабалар,
Ұрпағыңа не айтасың артта қалар? – деп ақиық ақын Мұқағали жырға қосқан қариялар ұрпағына Тәуелсіздікті алып берді. Даналықтың үлгісі, даралықтың ірісі болды.
Ертеректе жасы қырықтан асқан қазақ қарттыққа бет бұрып, немере бағып, елге үлгі боларлық іс атқаруға тырысқан. «Ауылыңда қартың болса, жазылып қойған хатпен тең» деп жасы кішілер оларға құрмет көрсеткен. «Төріңнен қарт кетпесін» деп, той-томалақты батасыз бастамаған, қариялардан бата алуға тырысқан. Бұл үрдіс қазақ арасында әлі де болғанмен, сиреп барады, жаhанданудың салқыны тиіп жатқаны шындық.
Бірақ, қариялар салған жол – қашанда ұрпаққа үлгі, өнеге болары ақиқат.
«Көп жасаған қария – ақылы теңіз дарияларымыз» аман болсын!
Әдебиет БЕЛГІБАЙҰЛЫ.