Бас тақырыпОблыс әкімі

“Күнгейде” жүйелі жұмыс жүргізілуде

Облыс әкімі Ерлан Қошанов Қарағандыдағы «Күнгей» ықшамауданының тұрғындарымен кездесті. Кездесуде ықшамаудан тұрғындары өздерін толғандырған мәселелерді ортаға салды.

«Күнгей» тұрғындары проблемалы мәселелерге биліктің жіті назар аударуын талап етуде. Тұрғындар инфрақұрылымның жоқтығына, жолдың нашарлығына шағымданып, қоғамдық көліктің жұмысын жақсартуды сұрады.

Аталған ықшамауданның проблемалары облыс басшылығына бұрыннан белгілі. Бастапқыда аталмыш жеке сектор инженерлік жүйесіз салынған. Сондықтан, жергілікті билік мәселені біртіндеп шешуді қолға алуда. «Күнгейді» дамытудың үш кезеңдік жоспары әзірленді. Бұл туралы облыс әкімі кездесу барысында айтты.

Аймақ басшысының айтуынша, бірінші кезекте сумен жабдықтау, электр желілері, кәріз жүйесі және жолдар мәселесі шешілуде. Мысалы, биыл 83 шақырым су құбыры желілерінің құрылысы аяқталады. Өткен жылы «Күнгейде» 4 шақырым асфальт төселді. Жол мәселесі 2020 жылы толығымен шешілмек.

Кездесуде тұрғындар қоғамдық көліктің жүруіне қатысты шағым айтты. Жергілікті тұрғындар ескі «ПАЗ-ды» ыңғайлы автобусқа ауыстыруды сұрады. Ал, өз кезегінде Ерлан Қошанов жүргізушілерге бағыттан жалтаруға жол бермеу үшін аялдамаларға бейнебақылау камераларын орнатуды тапсырды.

Бүгінгі күні «Күнгейде» 3 мыңға жуық адам тұрады. Облыс әкімі бірте-бірте шағын аудан толығымен абаттандырылған және жайлы ауданға айналатынына сенім білдірді. Барлық мәселелердің шешілуін облыс басшысы жеке бақылауына алды.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Басқа материалдар

Back to top button